«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Жан шуақ” сыйлығының иегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында “AMANAT” партиясының қолдауымен XVIІ “Жан шуақ” қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл сыйлық жыл сайын қо­ғамдық қызметте ерекше нәти­желерге қол жеткізген мүгедек­тігі бар адамдарға беріледі. Аталмыш іс-шарада петропавл­дық “Sensitive” есту қабілеті бұ­зылған бишілер театрының шы­ғармашылық ұжымы “Мәдениет саласындағы үздік жетістіктері үшін” сыйлығының иегері атан­ды. Ұжым 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Өнер ансамблі 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уа­қыт аралығында олар тек Қазақ­станға ғана емес, әлемге таны­мал ұжымға айналды. Биыл Франциядағы халықаралық фес­тивальде “Sensitive” Канн шы­ғармашылық өнер фестивалінің үздік хореографиялық ұжымы атанды.

“AMANAT” партиясының тө­рағасы Ерлан Қошанов ерекше қа­жеттілігі бар азаматтардың тұр­мысын жақсарту мәселесі Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың назарында екенін атап өтті.

– Қоғамның жетілу деңгейі, адами, азаматтық жауапкер­ші­лігі оның ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген көзқарасымен өлшенеді. Елімізде бұл көзқарас оң бағытқа қарай өзгеруде. Осы өзгерістердің өзегінде ел Президентінің әлеуметтік тұрғыда Әді­летті Қазақстанды құруға бағытталған саясаты жатыр. Біз ұзақ уақыт бойы мүгедектігі бар адам­дар тек қорғау мен көмекті қажет етеді деген таптаурын қа­ғидамен өмір сүрдік. Дәл қазір бұл стереотиптердің мәні жойылуда, – деді ол.

Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова “Жан шуақ” сыйлығын тапсыру рәсімі 2008 жылдан бері өткізіліп келе жат­қанын және осы жылдар ішінде 90-ға жуық адам марапаттал­ғанын атап өтті. Биыл ашық дауыс беру нәтижесінде ұйымдастыру комиссиясының шешімімен 8 лауреат анықталған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp