“Atamnyn amanaty” қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру, сондай-ақ олардың жауынгерлік жолдарын, жерлеу орындарын нақтылау мақсатында өтінімдер қабылдайды.
Қоғамдық бірлестікке өтінім беру үшін келесі мәліметтерді көрсете отырып сайтта (https://atamnyn-amanaty.kz) өтініш толтыру қажет:
1. Әкесінің, атасының, арғы атасының, туысының (кімді іздеп жүрсіз) аты-жөні.
2. Туған жылы (шамамен).
3. Соғысқа қайдан шақырылды (ауыл, аудан, облыс).
4. Ата-анасы, әйелі, бауырларының есімдері. Майданнан келген хаттар, отбасылық естеліктер. Әрбір мәлімет маңызды. Көптеген қазақ және түркі аты-жөндерінің бұрмаланғанын да ескерген жөн.
5. Мұрағаттардан, боздақтар кітаптарынан, сайттардан мәліметтер бар болса, бізге жіберу керек.
6. Іздеген адамның аты-жөні, туыстық дәрежесі, мекенжайы, кері байланыс үшін екі телефон нөмірі, электрондық пошта жайлы ақпараттар керек. Бұл деректер іздеу жұмыстары бірнеше жылға созылған жағдайда байланысқа шығу үшін қажет.
7. Іздеу мақсатын көрсетіңіз:
* жерлеу орнын анықтау;
* жерлеу орнын нақтылау;
* сарбаздың тағдырын анықтау;
* жауынгерлік жолды анықтау.
Сұрақтар туындаған жағдайда “WhatsApp” нөміріне хабарласуға болады: 8-701-999-78-20, 8-776-828-45-35,+7 (776) 828-45-34.
“Atamnyn amanaty” қоғамдық бірлестігі.