«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛГІ БОЛАР ИГІ ІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ның отызға жуық әкімшілік қызметкерлері, техникалық мамандар мен цех жұмысшылары фельдшер Светлана Великанованың бастамасын қолдап, облыстық қан орталығына барып, донорлар қатарын көбейтті.

Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің маманы Максим Бураков адам өмірін сақтап, денсаулығын жақсартудан асқан абырой жоқ деп санайды. “Мұндай қайырымдылық акциясына 24-ші рет қатысып отырмын. Мен үшін қалыпты дәстүр”, – дейді ол.

Максимнің белсенді азаматтық ұстанымын үлгі еткен әріптестері аз емес. Алдағы уақытта ерікті түрде ұйымдастырылатын акцияға қатысушылар қатарының көбейе түсері анық.

Ринат ШАМШУТДИНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp