«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өткен күннің жаңғырығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейіне келуші­лердің назарын бірден өзіне аударатын құнды жәдігерлер­дің бірі – “Украина-4” кинопроек­торы. Оны көру үшін музейге арнайы бас сұғатындар аз емес екен.

1970-1990 жылдарды кино­театрлардың шарықтау кезеңі десек, артық айтқандығымыз бол­мас. Алғашқы кинотеатрлар тек фильмдер көрсететін орын ғана емес, сонымен қатар мә­дени өзгерістердің символына айналды. Халық кинотеатрлар­дың алдында кезекке тұратын. Осындай ұмытылмас сәттерді шалақындықтар да ерекше ықыласпен еске алады.

Шағын ғана Сергеевка қала­сының өзінде сол жылдары “Ишим”, “Экран”, “Строитель”, “Юбилейный” деп аталатын ки­нотеатрлар болыпты. Мәде­ниет ошағының жұмысын жан­дан­дырған “Радуга”, “КПТ-1”, “Украина-4” кинопроектор­лары бүгінде музейлердің сө­релеріне қойылған.

– Бұл жәдігерді руханият ор­дасына 2015 жылы “Музейге сый” акциясы аясында Сергеевка қаласының тұрғыны Ели­завета Кадочникова тапсырды. Ол бұл жәдігерді әкесі Василий Крутевке киномеханик Клеоц Вениаминнің 1987 жылы сыйға тартқанын айтты. “Украина-4” дыбыстық кинопроектор жинағы дыбыстың фотографиялық немесе магниттік жазбасы бар дыбыстық тар пленкалы (16 мм.) кинофильмдерді көрсетуге арналған, – деді музей директоры Маржан Таушарова.

Музей жетекшісі бұл жәді­гердің әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Ол сөз арасында тапсырыстар бойын­ша фильмдер көрсетіліп тұра­тынын да айтып өтті. “Украина-4” кинопроекторының көмескі­леу естілген дыбысы өт­кен күннің жаңғырығындай әсер қалдырды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp