«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӨСІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облысымыздың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс жұмыстары – 27,3, оның ішінде тұрғын үй құрылысы 22,9, ауыл шаруашылығы тауарын өндіру 30,2, инвестиция көлемі 9,4 пайызға артқан. Жалпы экономиялық өсім 16,5 пайызды құрап отыр.

Облыстық экономика басқар­масының басшысы Қуанышбек Қалижанов өз баяндамасында әр салаға жеке-жеке тоқталды. Мәселен биыл ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі шамамен 800 млрд. теңгені құраған. Былтырғы көрсеткіш – 775,3 млрд. теңге.

“Өсімдік шаруашылығы сала­сында да оң өсім бар. Биыл 630 млрд. теңгенің өнімі алынды. Мал шаруашылығы саласында­ғы көрсеткіштер де көңіл қуанта­ды. Соның ішінде сүт өндірісінің – 5,6, жұмыртқа өндірісінің 4,9 пайызға артқаны байқалады. Жыл басынан бері 548,5 млрд. теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылды. Қаңтар-қазан аралығын­да облысқа 370,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл был­тырғыдан 9 пайызға көп. Жоспар 66 пайызға орындалды”, – деді Қуанышбек Қалижанов.

Құрылыс саласында орындал­ған жұмыс көлемі 27,3 пайызға ұлғайып, 147,3 млрд. теңге­ге жеткен.

2024 жылдың қаңтар-қазанын­да жалпы ауданы 187 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілген.

“Қараша айының соңында 77 мың шаршы метр, желтоқсан айында 64 мың шаршы метр бас­па­наны пайдалануға беруді жос­пар­лап отырмыз”, – деді облыс­тық құ­рылыс, сәулет және қала құрылы­сы басқармасының бас­шысы Қай­ролла Ғалеев.

Жиын барысында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов төмен нә­тиже көрсеткен сала маманда­рына жұмысты күшейтуді тап­сырды.

“Биылғы 10 айдың қорытын­дысы бойынша Петропавл қа­ласы және Тайынша ауданының нәти­жесі көңіл көншітпейді. Бұл облыстың жалпы көрсеткішіне әсер етеді”, – деді облыс әкімі.

Жиында қала әкімі Серік Мұ­ха­медиев бұл олқылықтың басты себептерін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, мәселенің бір себебі қо­салқы бөлшектердің кешігіп же­туіне тікелей қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы тиісті басқар­маларға, аудан және Петропавл қаласының әкімдеріне әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіш­терінің орындалуын қамтамасыз ету­ді және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp