Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны мен 19 жасар студент қыз синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілікті. Қазан айының басында полицейлер оларды ер адамға тиесілі “Mercedes” автокөлігінде ұстаған. Автокөліктен психотроптық зат салынған 30 түйіншек тәркіленген, тағы 72 түйіншек күдіктілердің өздерінен табылған.
Студенттің тұрғылықты жерінен полицейлер 27 грамм есірткіні тәркіледі. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары ер адам жұмыс істеген кеңседе бұрын ішінде ұнтақ тәрізді зат болған бос “зип-лок” қалташаларын тапқан.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.