«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәжірибе алмасты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған білім ордасында “Ашық есік” күні өтті. Шараға ауылдардан ұс­таздар келіп, тәжірибе алмасты.

Арнайы кешен мұғалімдері сур­допедагог, логопед және де­фек­тологтарға арнайы ашық са­бақ өткізді. На­талья Пургина 30 жылдан бері ес­ту қабі­леті бұ­зылған балалар­мен жұмыс іс­тейді. Оның айтуын­ша, мұндай санаттағы балалар­мен жұмыс іс­теу қиын әрі өте ма­ңызды.

– Түзету сабақтарында біз оқу­шыларды ырғақ, қарқын, ек­пін­мен жұмыс істеуге үйретеміз. Бұның бәрі – есту қабілеті бұ­зыл­ған ба­ла­ларға үлкен көмек. Тіпті біздің ба­лалар конкурстарда жақ­сы өнер көрсетіп жүр, – деді “Ба­ла­бақша-мектеп-интернат” ар­найы ке­ше­нінің мұғалімі Наталья Пургина.

Қазіргі таңда аталған білім ор­дасында 100-ге жуық бала оқиды. Олармен 70 мұғалім жұмыс іс­тейді.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp