«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық өнер – ұлттың жаны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“AMANAT” партиясы облыс­тық филиалы жанындағы “Miras” кеңесінің кезекті отырысын­да мәдениет саласында шешімін күткен мәселелер қарастыры­лып, тарихи және мәдени ескерткіштердің жай-күйі талқыланып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

Отырыста Ақан сері атындағы облыстық филармонияның көр­кемдік жетекшісі Біржан Есжанов теріскей өңірде ұлттық өнер қалай дамып жатқаны жайлы ойын айтып, шешілмей тұрған түйт­кілдерді жайып салды.

– Ұлттық музыка, өнер – ұлттық идеологияның түп-тамыры. Ұлттық қазынамызды на­сихаттап жүрген руханият жанашырларының ахуалы мемлекетшіл адамдарды алаңдатпай қоймайтыны бе­сенеден белгілі. Жаһандану заманында ұлттық музыканың мәртебесін қалай көтеру керек деген сауалға бәріміз ойлауымыз қажет. Арқамызға шапан жапқанға мәз болмай, ұлттық мүддеге қызмет етуіміз керек. Өнер тек өнерпаздарға емес, қа­зақ халқына керек екенін ұмытпайық. Мысалы жылда ұйымдастырылатын айтыс кө­рермені жылдан жылға қар­тайып барады. Бұл ұлттық ко­дымыздың жойылуына әсер етеді. Бізді әлем домбыра, қо­быз, жетіген сынды ұлттық аспаптарымыз арқылы ғана тани алады, – деді дәстүрлі әнші Біржан Есжанов.

Облыстық мәслихат депу­таты, “Miras” кеңесінің төра­ға­сы Ербақыт Амантайұлы іргесі сөгілген ауылдардағы жергі­лікті ақын-жазушылар атын­дағы музейлердің алдағы тағ­дырына алаңдаушылық білдірді. Шалғайда орналасқан, жолы нашар ауылдарға мұражайды іздеп баратындардың да қатары сиреген.

– Жамбыл ауданындағы Ғабит Мүсіреповтің Жаңажолы, Сәбит Мұқановтың ауылы, Сафуан Шаймерденовтің Амангелдісі, Шал ақын ау­да­нында Ермек Қонарбаевтың Көктерегі – әдебиеттен хабары барларға таныс атау. Де­генмен тұрғындары азайған ауылдардағы мұражай жәді­герлерінің дені қолды болып кеткен. Облыс орталығынан шал­ғайда орналасқан Мағжан Жұмабаевтың ауылы – Са­ры­томарға экскурсия үшін кім барады? Сондықтан Қызылжарда әдебиет орталығы ашыл­ғаны жөн, – деді Ербақыт Аман­тайұлы.

Кеңесте мәдениет саласын­дағы негізгі жетістіктер атап өтіліп, 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Сон­дай-ақ алдағы жылда негізге алынар бағыттар мен міндеттер нақтыланды.

Жиын соңында аймақтық шығармашылық байқаудың же­ңімпаздары марапатталды. “Поэ­зия” аталымы бойынша 1-орын Жарқын Жұпарханға бұйырып, республикалық ке­зеңге жолдама берілді. “Проза” аталымы бойынша же­ңімпаз атанған Қазақстан Жа­зушы­лар одағының мүшесі Са­ғын­дық Рақымжан да респуб­ли­када облыс намысын қор­ғайтын болды. Ал балалар әде­биеті, драма бойынша сынға түскендер жоқ. Бұл аталған жанрлардың өңірде кенжелеп қалғанын аңғартады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp