«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.11.2024

ДОСТЫҚ КӨПІРІ

Өңірімізге жұмыс сапарымен Литваның Қазақстандағы елшісі Эгидиюс Навикас келді. Бұл – оның біздің өңірге жасаған алғашқы сапары. Бүгінде Қазақстан Литвамен берік сауда-экономикалық байланыс орнатқан. Биылғы 9 айдағы өзара сауда айналымы 19 пайызға өсіп, 1,7 млн. АҚШ долларын құрады. Облыстық әкімдікте өткен кездесу барысында серіктестікті кеңейту, литвалық инвесторларды тарту мәселелері талқыланды. – Өңірімізде 2019 жылдан бері …

ДОСТЫҚ КӨПІРІ Read More »

Сегіз қырлы, бір сырлы азамат

“Qyzyljar” креативті орталығында есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс журналист, публицист, әнші-сазгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шашубай Малдыбаевтың 75 жасқа толуына арналған “Армысың, аңыз қалам – Қызылжарым” атты салтанатты шара өтті. Жиналғандарға ең алдымен мерейтой иесінің өмірі мен шы­ғармашылығы жайлы бейне­фильм көрсетілді. Мерейтой ие­сін Президенттің кеңесшісі Мә­лік Отарбаев құттықтап, Шашу­бай Малдыбаевқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Алғыс …

Сегіз қырлы, бір сырлы азамат Read More »

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ОҢ НӘТИЖЕ

Өңірлік коммуникациялар қыз­­метінде өткен брифингте Мам­лют ауданының әкімі Еле­на Степаненконың есебі тыңдал­­ды. Баяндамашы 10 айдың қо­рытындысы бойынша әлеумет­­тік-экономикалық көрсет­кіш­тердің оң қарқыны сақтал­ғанын атап өтіп, өз ойын нақты цифрлармен толықтырып отырды. Тұрақты дамудың негізгі ба­­ғыты саналатын инвестиция тарту және халықтың табысын ұлғайтуға басымдық берілген. Жыл басынан бері түрлі са­ла­ларға 12,8 млрд. теңге мөл­ше­рінде қаржы құйылып, өткен …

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС – ОҢ НӘТИЖЕ Read More »

ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ КӨП

Өңірге бірнеше күндік жұмыс сапарымен Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова келді. Елордалық мейман Қызылжардағы бірқатар білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік нысандарында болып, кездесулер өткізді. Тамара Дүйсенова алдымен облыс орталығындағы “Балдәу­рен” балабақшасына барды. Онда мектепке дейінгі мекеме­нің жұмысымен танысып, бала­бақша меңгерушілерімен кездес­ті. – Балабақшадағы 14 топта 320 бүлдіршін бар. 11 топ қазақ тілінде болса, 3 топ басқа …

ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҰТЫМДЫ ТҰСТАРЫ КӨП Read More »

Байыпты байланыстар бағдары

Ресейдің Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Шараға екі елдің басшысы бейнебайланыс режімінде қатысты. Пленарлық отырыста облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, аймақаралық ынтымақ­тастықтың маңызды тұстарын атап өтті. Форум аясында Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалым­жан Қойшыбаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және басқа да облыс әкімдері Башқұртстан Рес­публикасын басқару орталығы …

Байыпты байланыстар бағдары Read More »

“ҰҚШҰ – қауіпсіздік кепілі”

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті. Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңеске келген мәртебелі меймандарды қарсы алды. Отырысқа қатысушы елдер басшыларының бірге суретке түсу рәсімінен соң, іс-шара ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясымен басталды. Төрағалық міндет толық орындалды Сессия отырысына Беларусь Президенті Александр Лукашен­ко, Қырғызстан Президенті Садыр …

“ҰҚШҰ – қауіпсіздік кепілі” Read More »

“ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТҮЛЕУІ ТИІС”

Жұртшылық өз өңірлеріне, елдегі, сонымен қатар төрткүл дүниеге қатысты жаңалықтарды мерзімді басылымдар арқылы оқып, қоғамның “жүрек лүпілін, тамыр соғысын” біліп отырады. Өкінішке қарай, пошта қызметіне көпшіліктің көңіл толмайтыны жайлы реніштер аз емес. Әсіресе, шалғайдағы елді мекен тұрғындарынан наразылық хаттар жиі түсетіні талассыз шындық. Іссапарлар кезінде де тұрғындар көңілдеріндегі түйткілдерді жеткізіп жатады. Әрине, пошта тасымалын бір …

“ПОШТА ҚЫЗМЕТІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТҮЛЕУІ ТИІС” Read More »

Атадан ұл туса игі…

Адам үшін әкеден асқақ шың жоқ қой. Қай жасқа келсек те бала кездің тәтті естеліктері жүректі тербеп, әкеге деген сағынышты қозғайды. Оның берген тәрбиесі, айтқан ақылы, көрсеткен өнегесі бала үшін өмірлік азық. Әке бала үшін қандай қиындыққа да мойымайтын, нендей ауыр жүкті де қайыспай көтеретін нағыз ер, тамырын тереңге жайған бәйтерек болып көрінеді. Әке үмітін …

Атадан ұл туса игі… Read More »

Ризабек АЙТМҰҚАН: “БОЛАШАҚ ЖАРЫМ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАМЕН АЙНАЛЫСҚАН”

Албания астанасы Тиранада еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында отандасымыз Ризабек Айтмұқан жеңімпаз атанып, әлем жұртшылығын тағы бір тәнті етті. 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Ризабек дүниежүзілік доданың финалында Ираннан келген азулы қарсылас Махди Мұхарамәли Морафаны айқын басымдықпен ұтты. Осылайша ол үш түрлі жас санаты бойынша өткен әлем чемпионаттарында алтын …

Ризабек АЙТМҰҚАН: “БОЛАШАҚ ЖАРЫМ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАМЕН АЙНАЛЫСҚАН” Read More »