«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Байыпты байланыстар бағдары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдің Уфа қаласында Қазақстан мен Ресейдің XX өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Шараға екі елдің басшысы бейнебайланыс режімінде қатысты.

Пленарлық отырыста облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов сөз сөйлеп, аймақаралық ынтымақ­тастықтың маңызды тұстарын атап өтті.

Форум аясында Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы Ғалым­жан Қойшыбаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және басқа да облыс әкімдері Башқұртстан Рес­публикасын басқару орталығы мен ұлттық білім орталығының жұ­мысымен танысты.

Сапар барысында Ғауез Нұр­мұхамбетов Омбы облысының гу­бернаторы Виталий Хоценкомен кездесіп, ынтымақтастық мә­селе­лерін талқылады. Облыс әкімдігі мен Омбы облысы үкіметі арасын­да меморандумға қол қойылды.

Құжат сауда-экономикалық, ғы­лыми-техникалық, әлеуметтік, мә­дени салалардағы халықаралық және сыртқы экономикалық бай­ланыстарды нығайтуға бағыт­тал­ған. Бұл шекаралас өңірлер ара­сындағы әріптестік қатынастарды нығайтып, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар облыс әкімі Уфа қаласындағы “Алға” арнайы экономикалық аймағындағы “Ultra Decor” зауытында болды. Бүгінгі таңда ағашты терең өңдеу зауыты жылына 1,6 млн. текше метр өнім өндіретін ОСБ және ДСП панельдерін өндіру бойынша Ресейдегі ең үлкен зауыт саналады. Кәсіп­орын 200 гектар аумақты алып жатыр. Зауытта 300 адам жұмыс істейді. Австриялық компания біз­дің облыста бағдарланған тақта­лар шығаратын дәл осындай кә­сіпорын ашуды жоспарлап отыр. Өңір басшысы инвестормен әлеуеті зор жобаны жүзеге асы­руға қатысты мәселелерді талқылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp