М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да “FOUNDATION” факультетінің студенттері әзірлеген концерт өтті. Кеште Қытай, Өзбекстан, Иран және Моңғолия елдерінен білім алып жатқан студенттер өнер көрсетті.
“FOUNDATION” факультетінде 75 шетелдік жас білім алуда. Факультет деканының орынбасары Насихат Смайылдың айтуынша, мұндай шара алғаш рет кең ауқымда өткізіліп отыр. “Жыл сайын концерт аудиторияның көлемінде ғана өтетін. Ал биыл шараны кең ауқымда атап өту туралы шешім қабылдадық. Студенттеріміз өте өнерлі”, – деді Насихат Смайыл.
Жастар көрерменге қойылым ұсынып, би биледі. Кеште қазақ, ағылшын және монғол тілдерінде ән шырқалды. Көрермендер студенттердің өнерін зор ықыласпен тамашалап, қошемет көрсетті.
Әсет ҚАНАФИН.