«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.12.2024

Айыппұл мөлшері көбейе ме?

Облыс орталығының Серік Әбдікерімов есімді тұрғыны редакцияға жолдаған сауалында былай дейді: “Келесі жылдан бастап Қазақстанда айыппұл мөлшерінің өсетіні әрқилы пікірталас тудырып жатқаны жасырын емес. Бұл шара адамдарға қаржылық ауыртпалық түсірмей ме? Осыны білгім келеді”. Сұрақ иесіне облыстық поли­ция департаменті әкімшілік полиция бас­қармасының бас­тығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов жауап берді. “Қазір елімізде бір айлық есептік көрсеткіш …

Айыппұл мөлшері көбейе ме? Read More »

Сорғы стансасы жаңғыртылды

Көктемде су тасқыны кезінде зақымданған Петропавлдағы бірінші көтергіш сорғы стансасы қайтадан жаңғыртылды. “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жеңіс Сұлтановтың айтуынша, әлі де атқарылар жұмыс аз емес. Жел­тоқсанның бірінші онкүндігінде бе­кіту арматурасының агре­гаттарын жеткізу жоспарланған. “Біздің өңірде алғаш рет нығайту жұмыстарына габион қолданылып жатыр. Ол – темірден жасал­ған тордың ішіне толтырылған тас. Өткен ғасырдың басында …

Сорғы стансасы жаңғыртылды Read More »

СӘНДІ ӘРІ САПАЛЫ

Өңірдегі өндірістің ең елеулі салаларының бірі – жиһаз шығару. Талғам мен талаптың өзгеруі, құрылыстың қарқын алуы тұрғын үйлер мен кеңселерге қажет жиһазға деген сұраныстың артуына әкелді. Бүгінде тұтынушылар жиһаздың қолайлылығына ғана емес дизайны мен сапасына, жасалған материалы мен технологиясына да мән береді. Сондықтан жиһаз шығарушылар үнемі өндіріс жұмысын жетілдіріп келеді. Соның арқасында былтыр елімізде 82 …

СӘНДІ ӘРІ САПАЛЫ Read More »

ЖАНДАНҒАН ЭКОНОМИКА, ТҮЗЕЛГЕН ТҰРМЫС

Облыстық мәслихаттың 19-шы сессиясы өтіп, онда өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі өз сөзін көктемгі су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстардан бастады. Табиғи апат кезінде өңірде 4 мыңға жуық үй су астында қалған. Мемлекет басшысы облысымызға сапары барысында табиғи апаттармен күреске атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірген еді. – Бәріңіз білетіндей қаланы сумен …

ЖАНДАНҒАН ЭКОНОМИКА, ТҮЗЕЛГЕН ТҰРМЫС Read More »

ОҢАЛТУДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН

Жыл басынан бері өңіріміздің 716 тұрғыны көпбейінді қалалық ауруханаға қарасты оңалту орталығында ем қабылдады. 344 науқасқа ортопед-дәрігерлер көмек көрсетті. Емдеу мекемесіне жатқызылғандардың 257-сі жарақатына байланысты, 111-і неврологиялық тұрғыдан ем-дом алса, төрт сырқатқа нейрохирургиялық ота жасалған. Қала тұрғыны Сәуле Мұс­та­финаның денсаулығы шілде айында сыр беріп, дәрігерлер науқас­ты ау­руханаға жатқызған. Тізесі ауырған тұрғынға дереу түрде ота жасау …

ОҢАЛТУДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН Read More »

Анасын ұрып өлтірген

Облыстың қылмыстық іс­тер жөніндегі маманданды­рылған ауданаралық соты ту­ған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды. Облыстық соттың мәліме­тін­ше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде ана­сын ауыр соққыға шыққан. Сот­талушының кінәсі жәбірлену­ші­нің, куәгерлердің айғақта­рымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дә­лел­денген. Прокурор мен …

Анасын ұрып өлтірген Read More »

Қиял қанатында

Облыстық бейнелеу өнері музейінде өткен көрмеде “Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің” студенттері шығармашылық жұмыстарын көпшілікке таныстырды. “Идеядан – іске асыруға дейін” атты көрмеде әртүрлі техникамен салынған 33 картина қойылды. Оның ішінде екінші курс студенті Мерейлі Абайдың да туындысы бар. Ол бұл суретті салу үшін бір жыл бойы үздіксіз …

Қиял қанатында Read More »

Жас толқынның жыр сайысы

Облыс орталығында Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінің 5 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. Шараға мектеп шәкірттері мен көршілес өңірлерден келген жас дарындар қатысты. Осыдан 5 жыл бұрын өнерлі өрендерді қабылдап, қа­зақтың аяулы ақыны Ерік Асқа­ровтың атын алған мектепте бүгінде 30-ға жуық бала бірнеше бағыт бойынша тәрбиеленуде. Мек­теп жетекшісі Жарқын Жұпар­ханның сөзінше, осы уақыт …

Жас толқынның жыр сайысы Read More »