«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыппұл мөлшері көбейе ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының Серік Әбдікерімов есімді тұрғыны редакцияға жолдаған сауалында былай дейді: “Келесі жылдан бастап Қазақстанда айыппұл мөлшерінің өсетіні әрқилы пікірталас тудырып жатқаны жасырын емес. Бұл шара адамдарға қаржылық ауыртпалық түсірмей ме? Осыны білгім келеді”.

Сұрақ иесіне облыстық поли­ция департаменті әкімшілік полиция бас­қармасының бас­тығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов жауап берді.

“Қазір елімізде бір айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгені құрайды. 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюд­жет жобасына сәйкес, 1 қаңтардан бастап АЕК 3932 теңге болады. Бұл тек әлеуметтік төлемдердің ғана емес, соны­мен қатар барлық айыппұл­дардың ұлғаюына да әсер етеді. Экономистер бұл өсімді ин­фляция жағдайында табысты қолдау үшін жүргізіле­тін жалпы индексацияның бірі деп есеп­тейді.

2025 жылы көлік жүргізушіле­рін жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістермен бірге айыппұлдардың өзгерісі де күтіп тұр. Мәселен, қазіргі уақытта көлік жылдам­дығы сағатына 10 шақырымнан 20 шақырымға дейін асса, жүргізушінің 18400 теңге (5 АЕК мөлшерінде) айыппұл төлеуіне тура келсе, жаңа жылдан бастап оның мөл­шері 19660 теңгеге тең.

Бұл қауіпсіздік белдігін тақ­пағандарға, шлем кимеген­дерге, сондай-ақ тоқтау ере­же­сін бұзғандарға да қатысты.

Бағдаршамның қызыл тү­сіне өтіп кеткендер қазір 36920 теңге (10 АЕК) айыппұл ар­қаласа, келер жылы 39320 теңгені санап беруге мәжбүр. Көлік жылдамды­ғы сағатына 20 шақырымнан 40 шақы­рымға дейін арттырылса, “те­мір тұлпары” мүгедектерге арналған арнайы орынға қо­йылса, не белгіленген жолақ арқылы жаяу жүргіншіні өт­кізбесе, дәл осындай жаза қол­данылады.

Егер жүргізуші куәлігінен айырыла тұра көлік тізгіндеп ұсталған немесе апат болған жерден қашып кет­кен жүргізу­ші енді 184600 теңгенің орнына 196600 теңге беруіне тура келеді.

Президент жол қозғалы­сын ұйымдастыруға қатысты екі заңға қол қойды, олардың бірі – Әкімшілік құқық бұзушы­лық ту­ралы кодекске енгізіл­ген өзге­ріс­тер. Жылдамдықты сағатына 60 шақырым және одан да жо­ғары шамада асырғаны үшін айыппұл 147000 теңгеден 157000 тең­ге­ге дейін өседі. Бұл құқық бұ­зушылық бір жыл ішінде қай­таланған жағдайда айыппұл мөлшері 60 АЕК-ке дейін ұл­ғаяды. 2024 жылы 221,5 мың теңге болса, 2025 жылы 235,9 мың теңгені құрайды.

Бұл шаралар жол қозға­лысы ережелерінің сақталуын бақы­лауды күшейтуге, жол­дардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған”, – делінген жауап­та.

Дайындаған

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp