«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Анасын ұрып өлтірген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың қылмыстық іс­тер жөніндегі маманданды­рылған ауданаралық соты ту­ған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Облыстық соттың мәліме­тін­ше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде ана­сын ауыр соққыға шыққан. Сот­талушының кінәсі жәбірлену­ші­нің, куәгерлердің айғақта­рымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дә­лел­денген.

Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Соттан өзін ақтауды өтінді. Жасалған қыл­мыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере оты­рып, сот Б.-ны Қылмыстық ко­декстің 99-бабы 1-бөлігі бо­йынша кінәлі деп танып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталу­шы сондай-ақ жазасын өтеу ор­нында маскүнемдіктен мәж­бүрлі түрде емделетін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp