«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢАЛТУДЫҢ ПАЙДАСЫ ОРАСАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері өңіріміздің 716 тұрғыны көпбейінді қалалық ауруханаға қарасты оңалту орталығында ем қабылдады. 344 науқасқа ортопед-дәрігерлер көмек көрсетті. Емдеу мекемесіне жатқызылғандардың 257-сі жарақатына байланысты, 111-і неврологиялық тұрғыдан ем-дом алса, төрт сырқатқа нейрохирургиялық ота жасалған.

Қала тұрғыны Сәуле Мұс­та­финаның денсаулығы шілде айында сыр беріп, дәрігерлер науқас­ты ау­руханаға жатқызған. Тізесі ауырған тұрғынға дереу түрде ота жасау ту­ралы шешім қабылданды.

– Жазда маған артроскопия жа­салды. Бір айдан соң оңалту орта­лығына келіп, ем-дом қабылдадым. Тіземді бүге алмағандықтан маман­дар маған оңалту шараларын қабылдау туралы кеңес берді, – дейді Сәуле Мұстафина.

Нау­қастар кем дегенде 14 күн бойы ем қа­былдауы шарт. Осы уа­қыт ішінде ем­делушілер жылыту, электр тоғы, ультрадыбыстық қон­дырғылардың көмегімен емделеді. Медициналық мас­саж, дене бұл­шықеттерін ширата­тын арнайы жат­тығулар жасалады.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы жылдары өңір тұрғындары арасын­да аяқ-қол буындары ауруына бай­ланысты шағым айта­тындар кө­беюде.

– Біздің көпбейінді қалалық ау­рухананың оңалту орталығы 45 жа­тын орынға шақталған. Науқастар­ды емдеп жүрген дәрігерлер пор­талға өтініш қалдырып, сырқат­тар­ды кезекке қояды. Кейін олар ауру­ханаға жатқызылып, оңалту проце­дураларынан өтеді. Емделушілердің ем-домы МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылып, қажетті медици­налық көмек көрсетіледі, – дейді физиотерапия бөлімшесінің меңге­рушісі Анжелика Осиян.

Аманжол НҰРТАЗИН,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp