«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қиял қанатында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері музейінде өткен көрмеде “Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің” студенттері шығармашылық жұмыстарын көпшілікке таныстырды.

“Идеядан – іске асыруға дейін” атты көрмеде әртүрлі техникамен салынған 33 картина қойылды. Оның ішінде екінші курс студенті Мерейлі Абайдың да туындысы бар. Ол бұл суретті салу үшін бір жыл бойы үздіксіз еңбек еткен.

– Картинамда жаз мезгілін, қа­зақ қыздарын бейнеледім. Қазақ қыздарын салу үшін ұлттық киім­дер мен әшекей бұйымдарды зерт­тедім. Ал артқы пейзажды салу үшін Алматыға барып, тау­ларды өз көзіммен көріп қайттым, – дейді студент.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp