Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.
Облыстық соттың мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған. Б. есімді ер адам өз үйінде анасын ауыр соққыға шыққан. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және істің басқа материалдарымен дәлелденген.
Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Соттан өзін ақтауды өтінді. Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.