«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Малдан жұғар ауру көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданында мал ша­руашылығында антибиотиктерді қолдану тәртібі мен қауіпсіздік ша­ралары тақырыбында екі күндік се­минар өтті. Онда ветеринар маман­дар түрлі аурулардың алдын алу жолдарын үйреніп, білімдерін же­тілдірді. Шараға Қызылжар, Мам­лют, Аққайың және Тайынша аудан­дарының мамандары қатысты.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – бүгінде жаһандық мәсе­леге айналған препараттарға төзім­діліктің артуына мамандардың кө­ңілін аудару. Төрт түлікті емдеуде антибиотиктерді оңды-солды қол­да­ну, тез өнім алу үшін мал азығына түрлі қоспалар қосу аталған жағ­дайды ушықтыра түскен. Антибио­тикке төзімді микроорганизмдердің көбеюі мал өнімдерін тұтынатын адамдардың денсаулығына да те­ріс әсер етуде.

– Адам бойындағы инфекция­лық аурулардың 60 пайызы малдан жұғады. Ал ветеринарлардың дә­рілерді жиі пайдалануы бактерия­ның төзімділігіне, індеттің күшеюіне әкеліп соқтыруда. Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне де кесірін тигізбей қой­майды. Дәрісте мамандар түрлі пре­параттарды сауатты пайдалану ту­ралы ақпарат алып, емдеудің ба­ла­малы жолдарын үйренді, – дейді аталған жобаның үйлестірушісі Лей­ла Аңсабаева.

Қауіпсіздік ережелерін ірі ша­руа­шылықтар мен фермаларда сақ­тау маңызды. Емдеу дұрыс жүргі­зіл­ме­ген малдың өнімі тұты­ну­шылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қа­тар семинарда сарап­шылар қорға­ныс құралдарын, зерт­ханалық ма­те­риал­дар мен жабдық­тарды дұ­рыс қолдану, залалсыздан­дыру ере­желерін сақтау, дұрыс екпе жа­сау туралы да айтты. Жи­налған­дар­ға салада цифрлық тех­нол­огия­ларды қолдану, арнайы қосымша­ларды пайдалану жолдары тү­сінді­рілді.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp