«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлеуметтік сала басымдыққа ие

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасаған Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов өз сөзін Президенттің мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірі – халықтың барынша қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау, жергілікті билік тарапынан ұдайы қолдау көрсете отырып, әлеуметтік мәселелерге жете көңіл бөлу қажет деген талабынан бастап, аудан тынысына жаңа леп, соны тыныс әкелген жаңалықтармен бөлісті.

Бюджетті нақтылаудың төртін­ші деңгейіне көшудің арқа­сында жергілікті әкімдіктердің қыз­меті жандана түскен. Жыл басынан бері 0,5 млрд. теңге салық жиналып, елді мекендер абаттандырылып, ауылішілік жол­дар қалпына келтірілген. Осы мерзім ішінде тартылған ин­вестиция мөлшері 32,6 млрд. теңгеге жуықтап, аудан өңір бо­йынша көш бастап отыр. Оның 28 млрд. теңгесі шағын және ор­та бизнес өкілдерінің жеке қа­ражаты. Қытайлық “Ай Цзюй” компаниясына қарас­ты “Memolux” ЖШС инвестиция кө­лемін екі есеге дейін молай­тып, ауыл шаруашылығы өнімде­рін сақтайтын қойма, құрама­жем зауытын, диірмен кешенін тұр­ғызған.

4,5 млрд. теңге бюджеттік инвестиция көпқабатты үйлер, мектеп салуға, білім нысандарын, сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған. Аспанасты елінің инвестициялық компания өкілдері мен облыстық әкімдік жасасқан меморандум аясында ет өңдейтін комбинат құрылысына 11 млрд. теңге жұмсалмақ.

4,5 млрд. теңге бюджеттік ин­вестиция көпқабатты үйлер, мек­теп салуға, білім нысандарын, сумен жабдықтау жүйелерін күр­делі жөндеуден өткізуге бағыт­талған. Аспанасты елінің өкілдері мен облыстық әкімдік жасасқан ме­морандум аясында ет өңдей­тін комбинат құрылысына 11 млрд. теңге жұмсалмақ.

Агроөнеркәсіп саласы бойын­ша 12,5 млрд. теңгенің 6 озық жо­басы жүзеге асырылуда. “Асар” ЖШС 400 сауын сиырға шақтал­ған тауарлы-сүт фермасын салу­ды, “Зеленые луга” ЖШС сүт ке­шенін 800 басқа дейін кеңейтуді, “Ама­нат” ШҚ 5 мың басқа ар­налған қой фермасын құруды бел­гілеген. Шаруашылықтарға тұ­қым, гербицид, минералдық ты­ңайт­қыш сатып алуға 3,4 млрд. теңге бөлінген. 7,1 млрд. теңгеге 375 жаңа техника әке­лін­ген. 900 мың тонна астық қамбаланып алынған.

Берік Ақылжанұлы агроөнер­кәсіп секторын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Бүгінде 7 асыл­тұқымды агроқұры­лымдарда 11 мың бас мал бағы­лады. “Шұғыла LTD”, “Қарато­мар” ЖШС-лары, “Аманат” ШҚ әр­қайсысы 3-5 мың бас Шопан ата түлігін өсіреді. “АСАР” ЖШС Ма­кашевка елді ме­кенінде 400 бас­қа арналған та­уарлы-сүт ферма­сының құрылы­сын жүргізуде. Пай­далануға бе­рілген жағдайда тұрақты 10 жұ­мыс орны ашылып, жылына 3,6 мың тоннаға дейін сүт сауылмақ.

Аудан өнеркәсіп өндірісі жа­ғынан да өңірде алдыңғы орын­ды иеленеді. 9 жобаны іске асы­руға 39,3 млрд. теңге қарасты­рыл­ған. “BioOperations” ЖШС түйіршікті кебек өндіретін цехтың құрылысын аяқтауға жақын.

Тіршілік көзімен 40 ауыл мен Тайынша қаласында тұратын 27738 адам қамтамасыз етілген. Бұл­ көрсеткіш аудан халқының 71 пайызын құрайды. Сумен жаб­дықтау бойынша 5 жоба мен ке­шенді блок-модуль­ пайдалануға берілсе, көр­сеткіш 90 пайызға дейін ұлғай­мақ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp