«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЫННЫҢ ЖЫР-ҒҰМЫРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ақын, журналист Қошқарбай Жұматаевтың “Жұлдызды жылдар жарығы” атты кітабының тұсаукесері өтті.

Қошқарбай Жұматаев 1952 жыл­дың 2 шілдесінде Шал ақын ау­данындағы Кеңес ауылында дү­­ниеге келген. 1974 жылы Қа­зақ ұлттық университетінің жур­налистика факультетін аяқта­ды. Өмі­рінің әр жылдарында Пав­ло­дар, Жезқазған облыстық га­зет­терінде және “Қазақте­ле­фильм” киностудиясында ең­бек етті. Жо­ғары оқу орнында есім­де­рі елге белгілі Тұрсын Жұрт­бай, Жүрсін Ерман, Жанболат Аупбаев, На­ма­залы Омашев, Дәмір Әбішев­тер­мен бірге оқыған Қош­қарбай Тойжанұлы 1991 жылы тұңғыш жыр жинағын шығаруға ниет­теніпті. Алайда белгісіз се­беп­тер­­мен кітап баспа бетін көр­меген. “Soltüstık Qazaqstan” га­зеті ұжымынан құралған шығар­ма­шылық топ ақынның басы­лым беттерінде жарияланған, жары Нина Нұртасқызының жеке ар­хивінде сақталған өлеңдерін топ­тастырған. Жаңа кітап­тың тұ­сауын жазушы-журналист Жа­расбай Сүлейменов, об­лысымыз­дың құрметті азамат­тары Се­рікбай Құсайынов пен Тілек Әб­дірахманов кесті.

– Қошқарбай Жұматаев ең­бек жолын “Ленин туы” газетін­де бастады. Өте ақжарқын, кіші­пейіл болатын. Адал, сенгіш, аз­даған асаулығы да бар еді. Әр сәтті өлеңге айналдырып, оты­рыстың сәнін кіргізіп отыратын, – деп сөз сабақтаған Жарасбай Сүлейменов әріптесінің өзіне ар­наған бірнеше өлеңін оқып бер­ді.

Ақынның көзін көрген Әлім Тө­лебаев, өлкетанушы Дәстен Бай­мұқанов, журналист Қошан Қали, қоғам белсендісі Қайрат Дүйсенбі есте жүрген ескірмей­тін ес­теліктерімен бөлісті. Өлең жазу­мен Шал ақын ауда­нында­ғы бұ­рынғы Ленин орта мектебі­нің 5-сыныбында оқып жүрген ке­зінен бастап айналыс­қан та­ланттың ар­тында қалған еңбекте­­рін жарық­қа шығарған редак­ция ұжымына алғысын білдіріп, ризашылық­та­рын жет­кізді. Ақын­­ның жырларын оқы­ған №1 гимназияның оқушыла­ры да көпшіліктің қошеметіне бөленді.

– Қошқарбай қолына қалам мен қағаз алса, уақытқа да қа­рамайтын. Ол дүниеден өткелі біраз уақыт өтті. Бірақ әлі де ел есінде жүргендігі қуантады. Хал­қының есінде талантты, өз қыз­метін абыроймен атқарған жан ретінде қалды. Жұмыс үстеліне зор махаббатпен отырушы еді. Өте көп жазды. Өз мамандығын шексіз сүйді, – деді ақынның жары Нина Жұматаева.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp