Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үш бірдей дүкеннен заңсыз алкогольді анықтаған. Рейдтік іс-шаралар барысында құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сақтау және сату фактілері белгілі болды.
Екі сауда нүктесінен тәртіп сақшылары 74,5 литр арақ, сондай-ақ акциздік маркасыз 258 қорап темекі тәркіледі. Ал үшінші дүкенде алкоголь саудасына лицензиясы жоқ 83 литр арақ, 31 литр коньяк, 29 литр шарап өнімі мен 80 литр сыра сөреге қойылған. Барлық факті бойынша сауда нүктелерінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әсет ҚАНАФИН.