Облыс орталығында үйде қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, оқиға облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Балақай анасы үйден шығып кеткенде есікті жауып, қайта аша алмай қалған.
Мазасызданған ана 112 қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар бірінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті іштен ашып берді. Кішкентай зардап шеккен жоқ.
Әсет ҚАНАФИН.