«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.12.2024

БЕЙНЕТІ КӨП БОЛҒАНЫМЕН БЕРЕКЕЛІ ЖҰМЫС

Ауыл шаруашылығының алға басуы, елдің азық-түлік қауіпсіздігі осы салада тер төгіп жүрген адамдарға тәуелді. Еңбекте үлкен, кіші деген жоқ. Механизатор, жүргізуші, малшы, сауыншы мамандардың әрқайсысының орны бөлек. Соның ішінде аптап ыстық, шелектеп құйған жауын, ақ қар, көк мұзға қарамай төрт түліктен көз айырмай жүрген малшылардың адал еңбегі мақтауға тұрарлық. Елдегі әр оныншы литр сүттің Қызылжарда …

БЕЙНЕТІ КӨП БОЛҒАНЫМЕН БЕРЕКЕЛІ ЖҰМЫС Read More »

Ашықтық – басты талап

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан об­лысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов сот әкімшілігі департа­ментінің қызметкерлерімен кез­десті. Спикер қолға алынған рефор­малардың басымдықтарына, азамат­тарға көрсетілетін қызметтер­дің сапасын арттыру, мемле­кет­тік аппараттың тиім­ді жұмыс атқаруы үшін за­манауи жағдай­лар жасау, цифр­лық техно­логияларды ен­гізу жайына тоқталды. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ынта-жігерін арттырып қана қоймай, жұрт­шылықтың сенімін нығайту міндеті қойылып …

Ашықтық – басты талап Read More »

Қызылжардың інжу-маржаны

Облыс орталығында өңірдегі туристік саланы дамыту бойынша жиын өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы туризм жөніндегі сарапшылар кеңесінің кезекті отырысында Имантау-Шалқар аймағындағы туристік маусымның қорытындылары, саланы қолдау шаралары, дамыту жолдары туралы айтылды. Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалу маусымының нәтижелері, аталған орын­да атқарылған жұмыстар тура­лы Айыртау аудандық туризм бөлімінің басшысы Аманбек Махметов баяндады. Оның сөзінше, ауданда 46 туристік …

Қызылжардың інжу-маржаны Read More »

“АҚЫЛДЫ” ФЕРМАЛАР

Есіл ауданында екі заманауи тауарлы-сүт фермасы іске қосыл­ды. 1,4 мың басқа шақталған ал­ғашқысы “Атамекен-Агро-Кор­неевка”, 800 басқа арналған екіншісі “Азия Тораңғұл” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің базасында ашылды. Жаңа фер­малардың жұмысымен облыс әкімі­нің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысты. “Атамакен-Агро-Корнеевка” фермасына Еуропадан 98 ірі қа­ра әкелініпті, нәтижесінде қазір голштин-фриз сиырларының жалпы саны 1200-ден асқан. Биыл облыс бойынша 19 та­уарлы-сүт …

“АҚЫЛДЫ” ФЕРМАЛАР Read More »

Бюждет қаржысы молайған

Шал ақын ауданының әкімі Қайрат Омаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жергілікті БАҚ өкілдерінің назарына осы жылдың 10 айында атқарылған негізгі жұмыс қорытындыларын ұсынды. Баяндамашының сөзіне қара­ғанда, ауданның бюджеті жылдан-жылға толығып келеді. Биыл бұл көрсеткіш 6 млрд. теңгеге жетіп, салық 17, орташа жалақы 10 пайызға молайған. “Мал шаруашылығы мен егін­­шілікті дамытуға ерекше кө­ңіл бөлінуде. 43,2 …

Бюждет қаржысы молайған Read More »

Бағаға емес, сапаға мән беріледі

Өңірімізге жұмыс сапарымен Қаржы министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алу және ква­зимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов келді. Облыстық әкімдікте өткен кездесуде мемлекеттік сатып алу ту­ралы заңдағы өзгерістер тура­лы айтылды. – Мемлекет басшысы мемле­кеттік сатып алудың жаңа жүйесін ойластыру туралы тапсырма бер­ді. Онда сатып алуда төмен баға­ға емес, сапаға мән беру, квази­мемлекеттік секторды …

Бағаға емес, сапаға мән беріледі Read More »

АҚТАЛҒАН ҮМІТ

Облысымыздың құрметті аза­маты Болат Сағындық ел басына күн туған кезде “халық жауы” атан­ған әкесіне қатысты тың деректерге қол жеткізді. Бұл сәтті 80 жыл күткен ақсақал әке алдындағы балалық па­рызым өтелді деп санайды. “Ел Президентінің архивінен әкемнің өмірі жайлы маңызды құ­жаттар табылды. Оқушы кезімнен өмі­рімдегі ең ардақты жанның қилы тағдыры жайлы шындықты ашып, оның адал екенін …

АҚТАЛҒАН ҮМІТ Read More »

Ауылдан адам көшсе де…

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Шырайлы мекен” спектаклінің прьемерасы өтті. Қойылымға күн сайын тұрғындары азайып, жүдеп-жадап бара жатқан ауылдардың қоңырқай тіршілігі арқау болған. Спектакльдің режиссері – Думан Адыкенов. – Ауылдардың жаппай та­рап, ыдырап бара жатқаны жан­ға жара салмай қоймайды. Өңі­ріміздегі осы ахуалды спек­такль­дің басты тақырыбы етуге тырыстық. Іргесі сөгілгелі тұрған елді мекендегі 5 …

Ауылдан адам көшсе де… Read More »

Вейп сатқан

Өңір полицейлері электронды темекі сатуды кәсіпке айнал­дырды деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұс­тады. Кінәсі дәлелденсе, 5 жыл­ға дейін бас бостандығынан айы­ры­луы мүмкін. Ер адамға осы жылдың мау­сым айынан бастап саудасына тыйым салынған вейпті сатумен ай­налысты деген айып тағылып отыр. Тәртіп сақшылары жігіттен жал­­пы сомасы 6 млн. теңгеден аса­­тын 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында …

Вейп сатқан Read More »

“АРХЕОЛОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛА ОРНЫН ҚАЗУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ”

Жуырда өңірімізге жұмыс сапарымен К.А.Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры, жерлесіміз Марал Хабдулина келіп-кетті. Ол Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп пен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің білім алушыларымен кездесіп, өркениеті өрістеген, қойнауы сырға толы қазақ жерінің археологиялық байлықтарымен таныстырды. Тарих ғылымдарының кандидатымен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Марал Қалымжанқызы, ғылымның айналасында жүр­ген …

“АРХЕОЛОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛА ОРНЫН ҚАЗУМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ” Read More »

Шыршаны заңсыз кессеңіз…

Өңірде қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау үшін 11 стационарлық бекет және 100-ге жуық мобильді топ құрылды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары Жаңа жыл мерекесі тойланатын желтоқсан айында бұл бағыттағы жұмыс қызу жүргізілетінін айтты. Жаңа жылдық мерекенің көркі – шырша, сол себепті жасыл желекке мейрам жақындаған сайын сұраныс артады. Браконьерлікке жол …

Шыршаны заңсыз кессеңіз… Read More »

ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРҒА САЙ

Қазан айында Петропавлда барлық әлемдік стандарттарға сай келетін үстел теннисі орталығы ашылғаны белгілі. Елімізде мұндай 10 орталық бар. Ойын залының аумағы 2000 шаршы метрден асады, 24 үстел қойылған. Көрерменге арналған 430 орын жабдықталған. Салауатты өмір салтын ұстанып, тенниспен айналысқысы келетін балалар үшін кіру тегін. Бұған дейін спортшылар “Барыс” спорт мектебінде шынығып келсе, енді жаңа орталықта …

ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРҒА САЙ Read More »

Қыс қызығы — шаңғы тебу

Ерке Есілдің жағасында орналасқан “Петрогорки” спорттық-туристік базасының да пайдасы мол. Қыс мезгілінде қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары шаңғылар мен сырғанайтын басқа да құрал-жабдықтарды осы жерде жалға алып, жардан өзенге қарай арнайы жасалған жолмен жүйткиді. Сырғанайтын жолдың жалпы ұзындығы үш жүз метр ғана. Бір жақсысы төменге түскеннен кейін жоғары қарай арнайы көтергіштің көмегімен көтерілуге болады. …

Қыс қызығы — шаңғы тебу Read More »