«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚТАЛҒАН ҮМІТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымыздың құрметті аза­маты Болат Сағындық ел басына күн туған кезде “халық жауы” атан­ған әкесіне қатысты тың деректерге қол жеткізді. Бұл сәтті 80 жыл күткен ақсақал әке алдындағы балалық па­рызым өтелді деп санайды.

“Ел Президентінің архивінен әкемнің өмірі жайлы маңызды құ­жаттар табылды. Оқушы кезімнен өмі­рімдегі ең ардақты жанның қилы тағдыры жайлы шындықты ашып, оның адал екенін дәлелдеуге ты­рыстым. 1956 жылы Омбы ауыл ша­руашылығы институтының 1-кур­сын­да оқып жүріп, Жоғары кеңес президиумының төрағасы Климент Во­рошиловқа “Менің әкем қайда, қай­да жерленген?” деген мәтінде хат жаздым. Мекеме мамандары әкем­нің 1946 жылы “Карлаг”-та туберку­лез­ден қайтыс болғанын айтты”, – дейді ақсақал.

Болат Сағындық мұнымен тоқ­та­маған. “Карлаг”-тың жанында ор­наласқан Долинка елді мекеніндегі музейге бірнеше мәрте барып, ол жерден ешқандай ақпаратқа қол жет­кізе алмай, елге қайтыпты. Жер­леу кітабын сұратқан. Мамандар оның шіріп кеткенін айтқан. “Бас проку­ратураға да бар­дым. Олар да шын­дықты ашып айта алмады. Сонда да үмітімді үз­ген жоқпын, – дейді Болат Мағаз­ұлы.

Ақсақалдың бар арманы әкесі­нің қай жылы, қай жерде атылған­дығын және қай колонияда отырға­нын білу еді. Кеңес заманында мұн­дай ақпараттардың жасырын, құпия сақталғаны анық. Президент мұра­ға­тынан табылған құжаттарда ақса­қал­дың әкесінің Петропавл­дағы “ақ түрмеде” 5 жылдай отырғандығы тай­ға таңба басқандай көрсетілген. 1943 жылы ату жазасына кесіліпті. Бірақ қайда жерленгені белгісіз.

Болат Сағындық осы құжаттар ар­­­қылы өзінің нақты қай жылы ту­ға­нын да біліп отыр. “Осы күнге дейін құ­жат­тарда менің туған жылым 1936 жыл деп көрсетіліп келді. Шынды­ғын­да мен 1935 жылы дү­ние есігін ашып­пын. Яғни келер жылы 90 жас­қа тол­ғалы отырмын”, – дейді ақса­қал.

Алдағы күндері Болат Мағазұлы әкесінің аруағына Құран бағыштап, ас бермек. Сондай-ақ әлі сиясы кеуіп үлгермеген кітабының тұ­сауын кес­пек. Жинақтың атауын “Ес­кір­мей­тін естеліктер” деп атауды жөн көрген.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp