«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚЫЛДЫ” ФЕРМАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданында екі заманауи тауарлы-сүт фермасы іске қосыл­ды. 1,4 мың басқа шақталған ал­ғашқысы “Атамекен-Агро-Кор­неевка”, 800 басқа арналған екіншісі “Азия Тораңғұл” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің базасында ашылды. Жаңа фер­малардың жұмысымен облыс әкімі­нің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов танысты.

“Атамакен-Агро-Корнеевка” фермасына Еуропадан 98 ірі қа­ра әкелініпті, нәтижесінде қазір голштин-фриз сиырларының жалпы саны 1200-ден асқан.

Биыл облыс бойынша 19 та­уарлы-сүт фермасының құры­лысы жүргізілді, оның 11-і пай­да­лануға берілді. Жалпы облыс бо­йынша қазіргі уақытта 110 ферма бар. Оның 42-сі – зама­науи фер­малар.

“Голштин-фриз сиырлары жоғары селекцияға жатады, гене­тикалық әлеуеті жоғары. Ірі қара Германия мен Даниядан әкелін­ген. Кәсіпорын жоғары техноло­гиялы “ақылды” ферма сана­лады, толықтай цифрлан­дырылған. Жылына 9 мың тон­на сүт алына­тын болады, жаңа 80 жұмыс орны құрылды, – деді Марат Иманбай­ұлы.

Тораңғұл ауылында осыдан екі жыл бұрын құрылысы бас­талған тауарлы-сүт фермасы­ның екінші ғимараты пайда­ла­нуға бе­рілді. Бұл ферма 800 са­уын сиыр­ды ұстауға арналған, май­лылы­ғы жоғары сүтті “Eu­rasian milk” жауапкершілігі шектеу­лі серік­тестігі сатып алып жатыр.

Екі жоба да Мемлекет бас­шысының облыста тауарлы-сүт фер­маларының құрылысына же­ңіл­дікпен кредит беру тәжі­ри­бесін енгізу жөнін­дегі тапсыр­масы аясында іске асырылды. Барлық 19 ферма іске қосылған кезде жалпы мал басы 11 мың сиырға жетеді, ал жалпы өнді­рістік қуаты 70 мың тонна сүтті құрайды. Жаңадан 500 жұ­мыс орны ашылмақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp