«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бағаға емес, сапаға мән беріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізге жұмыс сапарымен Қаржы министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алу және ква­зимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов келді. Облыстық әкімдікте өткен кездесуде мемлекеттік сатып алу ту­ралы заңдағы өзгерістер тура­лы айтылды.

– Мемлекет басшысы мемле­кеттік сатып алудың жаңа жүйесін ойластыру туралы тапсырма бер­ді. Онда сатып алуда төмен баға­ға емес, сапаға мән беру, квази­мемлекеттік секторды бірыңғай жүйеге көшіру көзделген. Қызмет көрсетушіні бағалаудың жаңа та­лаптары пайда болады. Мысалы қатысқан жергілікті компанияларға қосымша ұпайлар беріледі. Салық түсімдері, жұмыс тәжірибе­сінен бөлек компаниялардың ау­дитіне де мән беріледі. Бұл өз­геріс 2026 жылдан тәжірибеге енгізіледі. Егер компания ашық жұмыс істесе, өз қаржылық есебін жариялап отыру керек, – деді департамент басшысы.

Мамандар ұсынған сапаны қадағалаудың тағы бір тетігі – қоғамдық мониторинг. Қоғамдық бақылау және мониторинг туралы заң бір жыл бұрын қабылданған. Оған сүйеніп, үкіметтік емес ұйымдар тек мемлекеттік сатып алуға ғана емес, басқа салаларға да мониторинг жүргізе алады.

Ерлан Сеитов саланы оңтай­ландырып, бюрократиясыздан­дыру керектігі туралы айтты. Жа­ңа заңда сатып алу мерзімін қыс­қарту, бір жерден сатып алу сияқты талаптар көзделген.

– Бұған дейін аталған салаға қатысты сын көп болды. Сатып алудың 2 айға созылатыны жұ­мысты тежейтін. Егер арыз түссе екі айдан да ұзап кетуі мүмкін. Нәтижесінде мекемелер жоспар­дан кешігеді. Енді бұл мерзім 10 жұмыс күніне дейін қысқарады. Көптің ұсынысы бойынша бір жер­ден сатып алу туралы бұрынғы норма­ны қайта енгіземіз, – деді Ерлан Сеитов.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp