«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Вейп сатқан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір полицейлері электронды темекі сатуды кәсіпке айнал­дырды деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұс­тады. Кінәсі дәлелденсе, 5 жыл­ға дейін бас бостандығынан айы­ры­луы мүмкін.

Ер адамға осы жылдың мау­сым айынан бастап саудасына тыйым салынған вейпті сатумен ай­налысты деген айып тағылып отыр. Тәртіп сақшылары жігіттен жал­­пы сомасы 6 млн. теңгеден аса­­тын 545 вейп, сұйықтық құйылған 334 ыдыс, құрамында никотині бар 165 сағыз тәркіледі.

Шегілмейтін темекі өнімдері­нің, электрондық тұтыну жүйелері­нің (вейптердің), хош иістендір­гіш­тер мен оларға арналған сұйық­тықтарды сату фактісі бойынша сот­қа дейінгі тергеу бас­талды. Қыл­мыстық кодекстің 301-1-бабының санкциясы бойынша мұндай қылмыс жасағандарға 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айып­пұл­дан бастап 5 жылға дейінгі мер­зімге бас бостанды­ғынан айыру жазасы көзделген.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp