«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ашықтық – басты талап

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан об­лысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов сот әкімшілігі департа­ментінің қызметкерлерімен кез­десті.

Спикер қолға алынған рефор­малардың басымдықтарына, азамат­тарға көрсетілетін қызметтер­дің сапасын арттыру, мемле­кет­тік аппараттың тиім­ді жұмыс атқаруы үшін за­манауи жағдай­лар жасау, цифр­лық техно­логияларды ен­гізу жайына тоқталды.

Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің ынта-жігерін арттырып қана қоймай, жұрт­шылықтың сенімін нығайту міндеті қойылып отырғанын, ашық­тық, кәсібилік басты та­лап болып табылатынын атап өтті.

Басқосуда заң нормала­рын басшылыққа алу, жұмыс кесте­сінің сақталуын бақы­лау, Әдеп кодексі ережелерінің бұ­зылуына жол бермеу, заң нор­мала­рын қатаң сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдарын қарастыру, әрбір қызметкердің дербес жауап­кершілігін арттыру мәселеле­ріне баса назар аударылды.

Сот әкімшілігінің қызметкер­лері ашық әңгімелесу бары­сында өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға толыққанды жауап алды. Реформаларды табысты жүзеге асыру мемлекеттік қызметтің барлық қатысу­шыларының бірлескен күш-жі­геріне бай­ланысты екені айтылды.

Әсемгүл БЕГАЛИНА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp