«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызылжардың інжу-маржаны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында өңірдегі туристік саланы дамыту бойынша жиын өтті. Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы туризм жөніндегі сарапшылар кеңесінің кезекті отырысында Имантау-Шалқар аймағындағы туристік маусымның қорытындылары, саланы қолдау шаралары, дамыту жолдары туралы айтылды.

Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалу маусымының нәтижелері, аталған орын­да атқарылған жұмыстар тура­лы Айыртау аудандық туризм бөлімінің басшысы Аманбек Махметов баяндады. Оның сөзінше, ауданда 46 туристік нысан жұмыс істейді. Олардың қатарында 2 балаларды оңалту орталығы бар. Демалыс орын­дары бір уақытта 3962 мейман­ды қабылдай алады.

– “Сокол” сауықтыру орта­лығы ұзақ жылдар бойы бос тұр­ды. Биыл нысан кәсіпкерге се­німгерлік басқаруға берілді. Ке­лер жылғы маусымда орталық келушілерді қабылдайды деп жоспарлап отырмыз. Бұдан бө­лек, ауданда қысы-жазы келу­шілерге қызмет көрсететін “Изу­мрудное”, “Адель”, “Дом у озе­ра”, “Адам”, “Имантау”, “Қазығұрт”, “Сол­неч­ный вип”, “Тұр­пан” сияқты 9 де­малыс орны жұмыс істейді. Биыл Ақкөл көлінің жағасында тағы бір нысан іске қосылды. Со­нымен қатар келушілерді “Зейнеп” колледжіне де орналастырып, тамақтандыруға мүмкіндік бар, – деді Аманбек Махметов.

Былтыр солтүстіктің інжу-маржаны саналатын аймаққа 500 млн. теңге инвестиция са­лын­ған. Бұл қаражатқа 5 дема­лыс орны жаңғыртылып, кеңей­тіл­ген. Биыл мұндай жұмыс 4 нысанда жүргізіліп, 160 млн. тең­ге қара­жат құйылған. Имантау-Шалқардың танымалдығын арт­тыру үшін жақын маңдағы Айыр­тау, Саумалкөл, Шалқар, Имантау ауылдары халықара­лық карто­графияға енгізілген. Туристік сала үшін қажетті экс­кур­сия жүр­гізушісі, гид, аудар­ма­шы сияқты мамандар Лоба­ново ауылындағы “Зейнеп” көп­бейінді колледжі мен аудан орталығындағы Агротехникалық колледжде даярланады. Атал­ған жұ­мыстармен қоса ауданда көлік инфраструктурасын да­мы­туға да көңіл бөлінуде. Жыл басын­да Көкшетау ұлттық паркі мен аудандық тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы және құ­рылыс бөлімі арасында саябақ ау­мағы арқылы электр желіле­рін тарту бойынша келісім жа­сал­ған. Келісім негізінде жол кар­­тасы дайындалған.

– Бұрын саябақ аумағында мұндай жұмыстар жүргізуде ке­дергілер болды. Биыл облыс әкімдігі мен министрліктің түрткі болуымен бұл мәселе біржақты етілді. Биыл бірінші кезеңде ұзындығы 87 километр болатын 4 автожол жөнделді. Бұл жұ­мыс­тарға 806 млн. теңге бөлін­ді. Бұл – курорттық аймақты да­мытудағы зор серпіліс. Келер жылғы екінші кезең аясында демалыс орындарына кіреберіс 19 километр жол жөнделіп, аталған аумақтағы жол мәселе­сі түгел шешіледі. Оған қоса 2025 жылы құны 1,9 млрд. теңге болатын 9 демалыс орнының құ­рылысы аяқталады. Мұның бәрі өңірдегі туризмді дамытудың әлеуеті зор екенін көрсетеді, – дейді Аманбек Махметов.

Шарада облыстық рестора­торлар мен қонақүй иелері қа­уымдастығының төрағасы Сайран Хамза өңірде түрлі маңызды оқиғаларға байланысты туризмді тамыту мәселесін көтер­ді. Кәсіпкердің сөзінше, өңірдегі бар мүмкіндікті пайдалану ар­қылы бұл саланы да дамытуға болады. Сайран Хамза “Qymyz­Fest”, “Мөңке күні” сияқты фес­тивальдерді өткізу арқылы өңір­ге турист тартуға болатынына се­німді. Бұл бір жағынан көршілес өңірлерден меймандардың келуіне септессе, екінші жағы­нан бай мәдениетімізді насихат­тауға жол ашады.

– Солтүстік Қазақстан облысы жылқы шаруашылығының отаны саналады. Сондықтан да “QymyzFest” шарасын өткізудің символдық мәні бар. Пандемияға дейін фестиваль үш рет ұйымдастырылды. Сонда бай­қағанымыз – жұртшылықтың мұн­дай шараларға қызығушы­лығы жоғары. Бағдарламаға сәйгүліктер шеруі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнершілер жәрмеңкесін қосуға болады, – дейді Сайран Хамза.

Өңірдің тағы бір мақтанышы – шалқыған көлдері. Сондықтан да “Мөңке күнін” өткізудің де мәні бар. 2016-2019 жылдары бір­неше рет ұйым­дастырылған шараға тұрғындар белсене ат­салысқан. Фести­валь аясында балық аулау, та­мақ пісіру бай­қаулары өтетін. Кәсіпкердің сө­зінше, мұндай ша­раларды тұ­рақ­ты өткізу, турис­тер ағынын арт­тырып, оң эко­номикалық әсер бермек.

Отырыста Имантау-Шалқар аймағында “Burning Man” үлгі­сімен фестиваль өткізу де ұсы­нылды. Кәсіпкерлер өңір таби­ғатының мұндай шараны өткізу­ге қолайлы екенін айтты. Онда қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, шығармашылыққа арналған аймақта бас қоса алады.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp