«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙБІТШІЛІК – ЕҢ АСЫЛ БАЙЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бірегей әлеуметтік институт санала­тын Қазақстан халқы Ассамблеясы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан 120-дан астам этникалық топ­тар арасында бірлік пен достықты, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайта отырып, әр алуан мәдениеттер, діндер мен дәстүрлер тоғысында ортақ диалог пен ынтымақтастықтың, жарқын жасампаздықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бүгінгідей жаһандық сын- қатерлер жағдайында және қоғамның тұрақтылығы үздіксіз дамудың негізгі үрдісіне айналған кезеңде ортақ мақсатқа жету жолындағы біріктірушілік рөлі тіпті өлшеусіз, маңыздылығы күн сайын артып келеді десе де болғандай.

Солтүстік Қазақстан облысы – республикадағы этникалық ауқымдылығы жағынан ерекшеленетін өңірлердің бірі. Бұл жерді мекен еткен 100-ге жуық этнос өкілдері бірлік пен берекені ту етіп, жарасымды өмір сүруде. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының құрамына 28 этномәдени бірлестік кіреді, жергілікті құрылымның жаңартылған құрамының үштен біріне жуығын жастар құрайды. Жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралар барлық деңгейде жүргізіліп, аудандарда құрылған 180 этноорталық мәдени мұраны сақтау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жұмыстарына белсене араласуда. Этномәдени бірлестіктер саны бойынша елімізде алдыңғы орындамыз.

Қазақстандық бірегейлік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатымен 2026 жылға дейін қабылданған Тұжырымдама шеңберінде «Қазақ халқына мың алғыс» форумы, «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі, «Болашақ үшін есте сақтау» жобасы, «Салт-дәстүр» этномарафоны, тағы басқа да тағылымға толы іс-шаралар өзіндік мәнермен айшықталады.

Облыстық ассамблеяның мәртебесін нығайтуда, абырой-беделін арттыруда оның жергілікті құрылымдарына ерекше жауапкершілік жүктелген. Сәуір айында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы қоғамдық негізде жұмыс істейтін «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының он жылдығы кеңінен атап өтілді. Өз алдына шаңырақ көтерген уақыттан бастап 78 әдістемелік басылым әзірленіп, 30-дан астам семинар, 10 экспресс-курс өткізілді. Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі жанындағы «Бейбітшілік және келісім» орталығы «Шекарасыз жол даңғыл», «Бір ел» сияқты мәдени жобалардың жұртшылық арасында кеңінен танылуына ұйытқы болды. Ғалымдар бен сарапшылар ҚХА қызметінің ғылыми негізін қоғамдық-саяси мәселелермен тығыз байланыстыра отырып, мемлекеттік саясатты түсіндіруде нақты ұстанымдар топтамасын әзірлеп, көпшілік талқысына ұсынып отырады. Бұл бағыт бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» облыстық филиалы арасында тығыз әріптестік ынтымақтастық орнаған. Қазан айында ғылыми-сараптамалық топ мүшелері этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын белсенділерді кең ауқымды әдістемелік бағдарламамен таныстырды. Былтыр 25 жылдығын атап өткен №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінде түрлі этнос өкілдерінің балалары үшін ана тілін үйрететін 10 бөлім бар. Ана лар кеңесі көпбалалы отбасыларды қолдайтын және мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұйымдастыратын «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруда. Халықаралық әйелдер күніне орай өңірде алғаш рет аудандық және ауылдық аналар кеңестері арасында байқау ұйымдастырылды. Маусым айында алғаш рет өткен Әкелер форумы аясында «Әкеммен бірге» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде буындар арасындағы жарасымды сабақтастықтың, әр жастың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды ұялатудың мәні айрықша. Бұл міндетті Ақсақалдар кеңесі абыроймен атқарып келеді. Этномәдени орталықтармен, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен бірлесіп, білім беру мекемелеріне, еңбек ұжымдарына жиі барады, ұлағатты әңгімелерге көбіне халықтық даналық қағидаттарды арқау етеді. Этносаралық жағдайды талдау үшін студенттер арасында әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді, бұл жобаға жастар жағы үлкен қызығушылық танытты.

2024 жыл еліміз үшін елеулі сынақ болды. Су тасқынынан ең көп зардап шеккендердің бірі ретінде Солтүстік Қазақстан об-лысына толассыз гуманитарлық көмектер ұйымдастырылды. Дос-тық үйінде гуманитарлық іс-шаралар мен еріктілердің жұ-мысын үйлестіретін арнайы штаб құрылып, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ерекше белсенділік көрсетті. Худайберген Афандиев, Убайдулло Раджабов, Шыңғыс Құрбанов, Залибек Мхоян, Наиль Абраев, Рашбиль Евдаев, Евгений Кинцель, Дариға Смайылова, Роман Кайзер, Әлішер Қайыржан, Тамир Райымбек сияқты этномәдени бірлестіктер өкілдері мен еріктілер бірде-бір қайырымдылық істен шет қалған жоқ. Бұл шаралар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып, өзара тығыз әрекеттесуге жалғасты.

Халық арасында Петропавл «ізгі жүрек қаласы» деп те аталады. Бұл теңеу төтеннен келген табиғи апаттар кезіндегі өзара көмекпен ғана емес, екі жүзге жуық қайырымдылық іс-шаралардың ұйымдастырылуымен, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, ардагерлерге, жетім балаларға бірінші кезекте назар аударылуымен сипатталады. Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларына моральдық, материалдық көмектер көрсетілді, жазғы лагерьлерде дем алды. Қалыпты өмірге оралуларына барлық мүмкіндік жасалды. Кішігірім қайырымдылық акциялары балақайлардың есінде ұмытылмастай жатталып қалды.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырған әр іс-шара ауқымды фестивальдерден бастап, кішігірім кездесулер мен мәдени кештерге дейін ерекше маңызға ие. Әлеуметтік бағдарламалар адамдардың этникалық тегіне қарамастан біріктірушілік қағидатын ұстаным етті. Әрбір бастама бітімгершілік пен тату көршілік көзқарасына негізделіп, қыж-қыж қайнап жатқан күн-делікті тіршілікпен біте қайна-сып, үндесіп жатты.

Келесі жылы Ассамблеяның 30 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Осынау тарихи дата қарсаңында қалыптасқан мол іс-тәжірибемізге сүйене отырып, ортақ мақсат жолындағы бірлігімізге сызат түсірмеу бәріміздің басты парызымыз болмақ.

Ғауез НҰРМҰХАМБЕТОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp