«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.12.2024

ЖАНАРЫҢ – ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫҢ

 Үстіміздегі жылы өңірімізде көз ау­руына шалдыққан науқастарға 3 342 ота жасалды. Тұрғындар көздің көру қабілетін жақсартуға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қол жеткізуде.  «Айна-көз» жекеменшік емдеу мекемесінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылы МӘМС шеңберінде халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі ұлғайып, 1606 операция жасалған. Оның жалпы сомасы 414 млн. 548 877 теңгені құрады. – Орталыққа тәулігіне …

ЖАНАРЫҢ – ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫҢ Read More »

НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

 Жерлесіміз Наталья Богданова Чиангмада (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чем­пионатында алтын­нан алқа тағынды.  70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз құрлық біріншілігінің ақтық сайысына дейін қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірді. Финалдық кездесуде шаршы алаң иесі Маникон Байсонмен жұдырық түйістірді. Ол жергілікті спортшыға еш мүмкіндік берместен 3:0 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда да солтүстікқазақстандық спортшы Украинаның …

НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! Read More »

«Көкшолақтағы» көңіл мұңы

 Биыл белгілі ақын, сазгер, өнерпаз, сал-серілік дәстүрдің жалғастырушысы Кенен Әзірбаевтың дүниеге келгеніне 140 жыл толды. Арада осынша уақыт өтсе де халқы ақын есімін ұмытпай, әндеріне ұйып келеді. Кенен әндері бар қазақтың құлақ құрышын қандыратын халықтың сарқылмас бұлағына айналған. Көзі тірісінде қазақ өнерінің бәйтерегі атанған Кенен Әзірбаевтың дарыны ерте жастан ашыла бастайды. Он жасында қолына домбыра …

«Көкшолақтағы» көңіл мұңы Read More »

ЖАҢА ЖЕЛІ  ЖАСТАРҒА НЕСІМЕН ҚЫЗЫҚ?

 Әлеуметтік зерттеулер адамдардың ғаламторға бөлетін уақыты жыл өткен сайын артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Бүгінде әрқайсымыз кемі бірнеше сағатымызды ғаламтор парақтап, хат- хабар алмасуға арнайтынымыз жасырын емес. Әлем халқының 5,5 миллиарды түрлі әлеуметтік желілерге тіркелген. Олардың басым бөлігі түрлі чаттар мен мессенджерлерді белсенді қолданады. Кешегі «Әлеуметтік желілердің пайдасы бар ма, жоқ па?» деген сұрақ өз …

ЖАҢА ЖЕЛІ  ЖАСТАРҒА НЕСІМЕН ҚЫЗЫҚ? Read More »

ҚҰЛДЫРАҒАН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

 «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жыл сайынғы ұлттық баяндамасын жариялады. Баяндаманы жа­саушылар Қазақстан жастарының денсаулық пен де­малыс, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық ахуал, құндылық пен қызығушылықтар, қоғамдық-саяси процестер сияқты өз өмірінің негізгі аспектілерін қабылдауы мен бағалауын сараптаған.  Әлеуметтанулық зерттеу аумағы еліміздің бар өңірін – Астана, Алматы, Шымкент қалаларын, 17 облыс орталығын, сонымен бірге ауылдық елді мекендерді қамтыды. Зерттеуге …

ҚҰЛДЫРАҒАН ҚҰНДЫЛЫҚТАР Read More »

БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ – МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАДА

 Білім туралы құжаттарды тану қызметі енді «eGov Mobile» мобильді қосымшасында қолжетімді болмақ. Бұл азаматтарға орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын тікелей мобильді құрылғыдан тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін қызмет тек «eGov.kz» порталында қолжетімді болған еді.  Сонымен қатар бұл қызмет жоғалған құжаттардың төлнұсқаларын алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Осы …

БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТ – МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАДА Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕЙТИНГІ

 «Mercer CFA Institute Global Pension Index» зейнетақы индексінде еліміздің зейнетақы жүйесі 24-орыннан көрінді. Зейнетақы жүйелерін кешенді зерттейтін халықаралық рейтингке биыл әлемнің 48 елі кірген.  «Mercer CFA» институты жаһандық зейнетақы индексін елуден астам индикаторды қамтитын үш қосалқы индекс арқылы бағалаған. Осы индикаторлар арқылы зейнетақы жүйелерін объективті бағалауға ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, «Economist Group» зерттеу …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕЙТИНГІ Read More »

АЙТБАЙ БАТЫР және ОНЫҢ ЗАМАНЫ

 Айтбай батыр Дүйсенбіұлы – XVIII ғасырдың ортасы мен аяғында тарих сөресіне сыланып шыққан ұлы тұлғалардың бірі. Туған жылы белгісіз, Керейдің ішіндегі Самай руынан тарайды.  Қазақ даласына патша өкіметінің империялық саясаты ене бастаған кез. Абылай заманындағы келісімшарттар өз күшін жойып, хан тұқымының әлсіздігінен Ресей патшалығының колониалдық саясаты кең ауқымды өрби бастады, қазақ сахарасында жаңа бекіністер салынып, …

АЙТБАЙ БАТЫР және ОНЫҢ ЗАМАНЫ Read More »

Тойкен КҮДЕРОВА: «ӨНЕР – КӘСІП ЕМЕС,  ҰЛТТЫҢ НЕСІБЕСІ»

 – Тойкен Қабиқызы, сізді өңір жұртшылығы «Күдер» ансамблінің негізін қалаған өнер жанашыры ретінде жақсы таниды. Алдағы жылы ансамбльдің құрылғанына 30 жыл толмақ. Мерейтойға байланысты қандай жоспарларыңыз бар? – «Күдер» тәуелсіздіктің елең-алаң жылдарында құрылды ғой. Қазақ ұлттық өнері тынысын аша алмай, шатқаяқтап тұрған кез. Қалалық әкімдік жанындағы өнер бөлімінің сол кездегі басшысы Валерий Копытин бастамамызды қолдап, …

Тойкен КҮДЕРОВА: «ӨНЕР – КӘСІП ЕМЕС,  ҰЛТТЫҢ НЕСІБЕСІ» Read More »

«БИОТОҒАННЫҢ» БӨГЕТІ БИІКТЕДІ

 Петропавлдағы сарқынды су жиналатын «Биотоғанның» айналасын қоршаған бөгетке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, тоғанның айналасын ұзындығы 3,4 километр болатын бөгет қоршап жатыр. Бірақ уақыт өте келе онда ақаулар пайда болыпты. Сол себепті биыл нысанды күрделі жөндеу жобасы қолға алынған. «Бүгінге дейін 2,7 километр бөгет жобалық белгіге дейін көтерілді. Ол үшін …

«БИОТОҒАННЫҢ» БӨГЕТІ БИІКТЕДІ Read More »

ҮШЖЫЛДЫҚ ЖОБА НӘТИЖЕЛІ

 Жергілікті коммуникациялар қызметінде өткен бри­фингте Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов БАҚ өкілдерін осы жылдың он айы ішінде қол жеткен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырды.  Ауылдық округтер бойынша құрылыс инфрақұрылымдарын дамытуға барынша басымдық берілген. Мердігер ұйымдар 1,5 млрд. теңгенің 9 жобасын жүзеге асыруда. Оның 567 млн. теңгесіне аудандық маңызы бар жолдар қалпына келтірілмек. Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл бағыттарындағы 35,2 шақырым …

ҮШЖЫЛДЫҚ ЖОБА НӘТИЖЕЛІ Read More »

 ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ХАБТАР ҚҰРУ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗҒА ИЕ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысын­да трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері де күн тәртібінде болды.  Халықаралық дәлізді дамыту – негізгі міндет Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін құру, инвестиция тарту және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайту шаралары туралы баяндады. Мемлекет басшысының елімізді Орталық Азиядағы …

 ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ХАБТАР ҚҰРУ ЕРЕКШЕ МАҢЫЗҒА ИЕ Read More »

ЖҮЙЕЛІ ИНВЕСТИЦИЯ КЕРЕК

 Осы жылдың қаңтар-қараша айларында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне тарифтерді бекіту, инвестициялық бағдарламаларды, тарифтік сметаларды өзгертуге қатысты 132 өтінім келіп түскен. Өтінімдердің 52-сі бекітілсе, 65-ін қараудан бас тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бри­фингте айтылды.  Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 57 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. …

ЖҮЙЕЛІ ИНВЕСТИЦИЯ КЕРЕК Read More »

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Кызылжар ауданына барды. Көктемде бастан өткерген қиын жағдайға қарамастан ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарының ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. Бескөлде 5 қабатты тұрғын үй мен хоккей кортының шатыры салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның сегізі осы ауданда орналасқан. «Жыл аяқталуға …

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ Read More »

ҒЫЛЫМСЫЗ АГРОСАЛА АЛҒА БАСПАЙДЫ

 М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Ғылым қорының» ұйытқы бо­луымен Солтүстік және Орталық Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын ғылыми-техникалық дамыту тақырыбында хакатон өтті. Шараға салалық министрлік өкілдері, отандық, шетелдік ғалымдар мен тауар өндірушілер қатысты. Шараны ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар үшін аталған саланы дамытудың маңызы зор екенін атап өтті. …

ҒЫЛЫМСЫЗ АГРОСАЛА АЛҒА БАСПАЙДЫ Read More »

Петропавлда нан зауытының іргетасы қаланды

 Петропавлда ұзақ сақталатын нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыттың іргесі қаланды. Жоба­ны ресейлік инвесторлар қолға алған. «Bakerton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — «Хлеб­пром» ірі кондитерлік компаниясының еншілес кәсіпорны. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты.  Жаңа кәсіпорын 2026 жылы пайдалануға берілмек. Жоба құны – 37,3 млрд. теңге. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін жылына 12,5 мың тонна …

Петропавлда нан зауытының іргетасы қаланды Read More »