«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«БИОТОҒАННЫҢ» БӨГЕТІ БИІКТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Петропавлдағы сарқынды су жиналатын «Биотоғанның» айналасын қоршаған бөгетке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, тоғанның айналасын ұзындығы 3,4 километр болатын бөгет қоршап жатыр. Бірақ уақыт өте келе онда ақаулар пайда болыпты. Сол себепті биыл нысанды күрделі жөндеу жобасы қолға алынған.

«Бүгінге дейін 2,7 километр бөгет жобалық белгіге дейін көтерілді. Ол үшін 160 мың текше метр топырақ, 6,5 мың текше метр сары балшық қолданылды. Бөгеттің жиектерін су шаймауы үшін бетон плиталар қолданылып, бекітіледі», – делінген серіктестіктің баспасөз хабарламасында.

«Биотоған» сарқынды су жинақтағышы Петропавлдағы негізгі коллекторлармен бірге 1953 жылы салынған. Ал айналасындағы бөгет 1968 жылы тұрғызылған. Петропавлдың кәріз желісіне ағынды суды жинақтап, сақтайтын сарқынды су жинақтағышы кіреді. 2014 жылы республикалық бюджеттен жинақтағышты қоршаған бөгетті жөндеуге қажетті соманың 50 пайызы бөлініп, игерілді. Бүгінгі күні биылғы су тасқыны жағдайын ескере отырып, бұрын жөнделген бөгеттің биіктігін арттыра отырып, аяқталмаған учаскені күрделі жөндеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жоба бөгетті нығайтуға, осылайша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік бермек.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp