«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЙЕЛІ ИНВЕСТИЦИЯ КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Осы жылдың қаңтар-қараша айларында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне тарифтерді бекіту, инвестициялық бағдарламаларды, тарифтік сметаларды өзгертуге қатысты 132 өтінім келіп түскен. Өтінімдердің 52-сі бекітілсе, 65-ін қараудан бас тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бри­фингте айтылды.

 Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 57 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Оның 38-і – су кәріз жүйесі, екеуі – электр энергетикасы, 21-і жылумен жабдықтау және 11-і кірме жолдар саласына қатысты. Ведомство биылғы жылға арналған «Инвестицияларға тариф айырбастау» тарифтік саясатын іске асыру аясында жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгенің инвестициялық жобаларына түзетулер енгізді.

– 2024-2025 жылдарға арналған қосымша инвестициялық салымдарды ескере отырып, жылумен жабдықтау саласына 8 834 801 мың теңге инвестиция салынбақ. Оның ішінде 7 109 265 мың теңгесі «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамына тиесілі. Бұл қаржының 2 859 000 мың теңгесі биылға, 4 млрд. теңгеден астамы келесі жылға жоспарланған. Сонымен қатар «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС 1 725 536 мың теңге көлемінде инвестиция қарастырған. Биылға оның 816 563 мың теңгесі, ендігі жылы қалған сомасы бөлінеді, – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Дамир Тоқтамысов.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp