«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЛЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Кызылжар ауданына барды. Көктемде бастан өткерген қиын жағдайға қарамастан ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарының ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. Бескөлде 5 қабатты тұрғын үй мен хоккей кортының шатыры салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның сегізі осы ауданда орналасқан.

«Жыл аяқталуға жақын. Яғни жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаратын уақыт. Биыл ауданда су тасқыны кезінде зақымданған ауылдардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге ерекше назар аударылды. Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы бөгеттер нығайтылды», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Сондай-ақ өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды аралады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жаңғыртылған №2 Бескөл орта мектебі мен жөндеуден өткен «Балапан» балабақшасына барды. Байтерек ауылындағы әлеуметтік осал топтарға арналған үйлерді қарап шығып, Новокаменка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Аудандағы «Радуга», «Молсервис», «ЕР-Агро», «Молодое Агро» және «Елім Кызылжар» кәсіпорындарының да жұмысымен танысып, аудан диқандарымен тілдесті.

Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Боголюбово ауылындағы Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен өңірдің даму перспективаларын талқылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp