«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ӨРЕНДЕР ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында өткен «Тең мүмкіндіктер» рес­публикалық инклюзиялық спорт фестиваліне Қы­зылжар өңірінің атынан қатысқан 4 команданың үшеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жалпы өңірдің намысын Петропавл қаласының №4, №10, Есіл ау­данындағы №1 Явленка орта мектебінің және Ақ­қайың ауданының Тоқшын мектеп-гимназиясының оқушылары қорғады.

Спорттық іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық бала қатысса, оның 66-сы – ерек­ше қажеттілігі бар балалар. Олар 4 күн бойы жеңіл атлетика, эстафета және бочча ойынында өзара тартысқа түсті.

Тартысты додада Тоқшын мектеп-гимназиясы­ның 4-ші сынып оқушылары жеңіл атлетикадан бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ №4 және №10 орта мектебінің оқушылары үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздарды темір жол вокзалынан «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қыз­меткерлері, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері, оқушы­лардың ата-аналары қарсы алды. Жүлдегерлер қата­рынан көрінгендерді партия белсенділері Елена Семидоцких пен Наталья Апретова құттықтап, сыйлықтар табыстады.

–Жас спортшылардың «Тең мүмкіндіктер» фес­тиваліндегі жеңісі – олардың табандылығы мен та­лантының ғана емес, сонымен қатар әр баланың әлеуетін арттыруда инклюзия мен қолдаудың маңыз­дылығының дәлелі, – деді Елена Семидоцких.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp