«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС СЕКТОРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Отырыста елдегі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі де талқыланды.

Өткен 11 айда елімізде ІЖӨ өсімі 4,4 пайызды құраған. Экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші шикізаттық емес сектор болды. Премьер-ми­нистрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауыл шаруашылы­ғында – 13,4 пайыз, құрылыста – 10,3 пайыз, сауда-саттықта – 8,2 пайыз, көлік пен қоймалауда – 8,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібін­де – 5,3 пайыз өсім болғанын баяндады. Сондай-ақ ақпарат және байланыс, электр энерге­тикасы салаларындағы оң серпін атап өтілді.

Премьер-министр экономи­калық белсенділікті ынталанды­ру бойынша қабылданып жатқан шаралар біршама нәтиже бер­геніне назар аударды. Ауыл ша­руашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс пен көлік саласындағы өсім жылдық жоспарлы көр­сеткіштерден асып түсті. Өңір­лердегі жағдай бойынша негізгі макро экономикалық көр­сеткіштер көшбасшылары Қара­ғанды, Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалалары өсуді қамтамасыз етті. Ең төмен көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді. Аталған өңір әкімдеріне қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін тиісті іс- шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар өңірлердің әлеу­меттік-экономикалық дамуын жандандыруға тың тәсілдер қа­жет. Бағдарламалық құжаттар­дың орындалу барысын жүйелі үйлестіруді қамтамасыз ету ма­ңызды. Тиісті тапсырма Пре- мьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.

Премьер-министр 2025 жылы мұнай өндіруді жоспарланған көлемде қамтамасыз ету қажет екенін баса айтты. Қараша айында жылдық инфляция 8,4 пайызға дейін бәсеңдеді. Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстау қажет. Бұл жұмыста тұрақ­тандыру қорларын, форвардтық шарттарды, субсидиялау сияқты қолда бар тетіктерді белсенді пайдалану керек. Сонымен қа­тар импортқа тәуелді өнімдер өндірісін кеңейту қажет.

Үкімет басшысы экономика өсімінің оң қарқынын сақтап қалу қажеттігін атап өтті. Осы­ған байланысты министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін ерекше бақылауға алу, Қаржы министрлігіне бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына бақылау­ды күшейту тапсырылды.

Үкімет отырысында еліміз­дегі сирек кездесетін және жо­йылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі де күн тәртібіне шықты. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев аталған бағыт­та атқарылып жатқан жұмыс пен «Қызыл кітапқа» енген жануар­ларды қорғау мақсатында бағ­дарламалық құжаттардың да­йындалуы туралы баяндады. Бүгінде «Қызыл кітапқа» енген жануарлардың 220-дан астам түрі бар. Экология және табиғи ресурстар министрі 2005–2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың арқасында тоғай бұғыларының саны 350-ден 1 147 басқа дейін, құландар 1 112-ден 4 493-ке дейін, арқарлар 8 835- тен 20 316-ға дейін, қарақұйрық­тар саны 12,5 мыңнан 15,4 мың­ға дейін өскенін айтты. Қазіргі таңда министрлік омыртқасыз­дардың 21 түрін алып тастау жөнінде ұсыныс енгізді.

Премьер-министр сирек кез­десетін және жойылып кету қаупі төнген фаунаны сақтау бағытында нәтижелі жұмыс іс­теуге экожүйелер мен жануарлар түрлеріне мониторинг жүргізуді, қорғау мен бағалауды көздейтін кешенді тәсіл қажет екенін атап өтті. Бұл мәселеде қажетті ғылы­ми зерттеулер жүргізу, халықа­ралық озық тәжірибе, жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелерді енгізу де маңызды. Қазіргі уақытта пилоттық режім­де жұмыс істеп тұрған «Tabigat» табиғи ресурстар картасын негізге алу ұсынылады. Плат­форма қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі, орман және су ресурс­тары, жануарлар дүниесі мен балық шаруашылығы туралы қажетті ақпаратты қамтиды.

Премьер-министр аталған платформаны 2025 жылдың ба­сынан іске қосуды тапсырды. «Шетелдік ұйымдардың қол­дауымен Қазақстанда Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысының популяциясын қайта жаңғырту бағытында біре­гей жобалар іске асырыла баста­ды. Жануарлар дүниесінің сирек кездесетін түрлерін және жалпы алғанда еліміздің биоалуанды­лығын сақтау жөніндегі маңыз­ды жобаларды жалғастыру қа­жет», – деді ол.

(«Egemen Qazaqstan»,

18 желтоқсан 2024 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp