«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛҒА АЙРЫҚША ҚАМҚОРЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық байқау қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің ке­ңесшісі Ералы Тоғжанов қатысты.

Ерлан Қошанов өз сөзінде осы күні халықтың шамамен 40 пайыздайы ауылдық жерлерде тұратынын, сон­дықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарлама­сында ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту және әл-ауқатын арттыру мәселесіне ерекше назар ау­дарғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсыр­масымен «AMANAT» партиясы ел игілігі үшін белсенді жұмыс істеп жат­қан «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Биыл біздің партия жобаға қа­тысушылар арасындағы үздік шаруа­шылықтар мен кооперативтерді жұрт­қа көрсету үшін арнайы конкурс өткізді. Олардың тәжірибесі болашақ­та «Ауыл аманаты» жобасын жетілдіру үшін пайдаланылады. Президент айт­қандай, жаһандану дәуірінде халықты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақ­тауымыз керек. Сондықтан конкурс аясында біз ауыл өміріне ерекше назар аударуды көздедік. Ауыл – біздің ал­тын бесігіміз, мәдениетіміздің, дәс­түріміздің және рухани өміріміздің сарқылмас қайнары. Ауылға деген қамқорлық – әрқайсымыздың өткен­ге, бүгінге және болашаққа деген қам­қорлығымыз», – деді ол.

Сонымен қатар партия төрағасы мемлекет тарапынан жүйелі назар ау­даруды талап ететін бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Бұл – ауылдар­дың инфрақұрылымын дамыту, тұр­ғындар үшін кепілсіз «тауарлық несие» енгізу, ауылдық округтер бюджетінің кіріс базасын арттыру, тағы басқалар.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасы іске қосыл­ған сәттен бастап 16 мыңға жуық ауыл тұрғыны жеке кәсібін бастау үшін 2,5 пайыз жеңілдікпен шағын несие алға­нын, бұл 17 мыңнан астам жұмыс ор­нын құруға мүмкіндік бергенін, шағын несие алушылар өндіретін өнімді өткі­зуді жолға қоюға ерекше назар аудару керек екенін жеткізді.

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жоба ауылдағы жұмыссыздық деңгейін айтарлық­тай төмендетуге арналғанын айт­ты. Сондықтан жобаның барлық артықшылығы туралы тұрғындар­ды дұрыс ақпараттандыру маңыз­ды.

Еліміздің барлық өңірінен бай­қауға қатысу үшін 250-ден астам өтінім түскен. Қазылар алқасының шешімімен 30 өтінім 10 аталым бо­йынша жүлделі орындарға ие бол­ды. Олардың арасында солтүстік­қазақстандықтар да бар. Мағжан Жұмабаев ауданы Полудин ауыл­дық округінің әкімі Мәдениет Қа­лиев, Тайынша ауданы «Аманат» шаруа қожалығының басшысы Шоқан Әлжан, Тимирязев ауда­нының жеке кәсіпкері Ақбөкен Құлбахина «Үздік ауыл әкімі», «Үздік тауар кредиторы», «Үздік аспаздық өнім» аталымдары бо­йынша жеңімпаз атанды.

Байқауға қатысушылар «Ауыл аманаты» жобасы – мемлекеттің еңбек адамына деген қамқорлы­ғының жарқын үлгісі, ауыл тұр­ғындарының табысын арттыру­дың қарапайым құралы екенін атап өтті. Олар Мемлекет басшы­сына және «AMANAT» партиясы­на көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

Ілияс СӘБДИНОВ,

«AMANAT» партиясы облыс­тық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp