«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОЛЛЕДЖДЕ АҚША БОПСАЛАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары кәмелетке толмағандар арасында қорқыту, бопсалау фактілерін анықтады. Мұндай фактілердің бірі Ақжар ауданындағы Ленинград ауыл шаруашылығы колледжінде орын алған. Бірінші курс студенттері өздерінен үлкен жігіттің жүйелі түрде қорқыту арқылы ақша алып келгенін айтқан.

Ақжар аудандық соты істі қарап, осы колледждің үшінші курс студентін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Енді ол алдағы екі жылын түрмеде өткізбек.

Прокурорлардың айтуынша, заң бұзушылық туралы оқу орнының басшылығы білген, алайда құқық қорғау органдарына хабарламаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған заң бұзушылықтар үшін колледждің директоры да жауапкершілікке тартылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp