Облыстық әкімдік жанынан Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Жаңа орталық «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және Президенттің халықпен жұмысты қайта форматтау тапсырмасын орындау аясында құрылды.
Жаңа фронт-кеңседе келушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Азаматтар кез келген мемлекеттік органға өтініш беріп, басшылықтың жеке қабылдауына жазылып, кеңес алу мүмкіндігіне ие.
– Мемлекеттік органдардың міндеті – азаматтардың мәселесін тыңдап, оңтайлы шешімін табуға тырысу. Сондықтан орталыққа түскен бірде- бір өтініш назардан тыс қалмауы керек. Халықтың пікірі шешімдерді әзірлеуде және қабылдауда ескерілуі тиіс. Бірыңғай диалог алаңы мемлекеттік құрылымдар мен халық арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтпақ. Өтініштерді тыңдап, ше- шім қабылдауда ашықтық, жедел әрекет ету басты орында болуы тиіс, – деді орталықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Фронт-кеңседегі жұмыс автоматтандырылған. Орталық азаматтармен байланыстың бірыңғай экожүйесін қалыптастырып, қоғамның сұранысын дәлірек анықтайды. Өтініштерді талдау азаматтардың қажеттіліктерін тереңірек түсініп, биліктің жұмысын жоспарлауға және бюджетті анықтауға негіз болмақ.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Soltüstık Qazaqstan».
Суреттерді түсірген
Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.