«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғам қайраткері Мидхат Сүтішевтің құрметіне С.М.Ки­ров атындағы зауыттың қас­бетіне мемориалдық тақта орнатылды. Салтанатты ашы­луында сөз сөйлеген кәсіп- орынның бас директоры Ал­мас Нұрмағамбетов ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің абыроймен жалғаса беретінін атап өтті.

Абзал азаматтың немересі Свет­лана Дмитриева, зауыттың бұрынғы басшысы Марат Әбілмәжінов, қа­лалық ардагерлер кеңесі төрағасы­ның орынбасары Иманғали Тәтті­баев жылы лебіздерін білдірді.

Қызылжар өңірінде артына өш­пес із қалдыра білген айтулы азамат­тар аз емес. Солардың бірі– Мидхат Сүтішев. Ол еңбек жолын Киров атындағы зауытта қатардағы жұмыс­шыдан бастайды. Фрезерлеуші- жөндеуші, инженер, цех бастығы, директордың орынбасары баспал­дақтарынан өтіп, 1961 жылы зауыт директоры қызметіне тағайындала­ды. Ұйымдастырушылық қарым- қабілетінің арқасында шын мәнін­дегі шығармашылық ұжым қалып­тастыра білді. Қажымас қайраты­мен, мұқалмас жігерімен, риясыз пейілімен қала, облыс жұртшылығы арасында зор бедел мен құрметке ие болды. Ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін әртүрлі дәрежедегі мемле­кеттік наградалармен марапатталды, Петропавл қаласының құрметті аза­маты атанды.

Мидхат Усманович кәсіпорын жұмысымен шектеліп қалмай, «Жданов», «Булаев» кеңшарларын аяғынан тік тұрғызды. Жерлес жазу­шы Ғабит Мүсіреповтің өтініші бо­йынша оның туған ауылына көмек көрсетті.

Білікті басшы он жылдан астам қаланың ірі конверсиялық кәсіп- орындарының директорлар кеңесіне жетекшілік етіп, өнеркәсіп, құры­лыс, абаттандыру, мәдениет салала­рына қатысты өзекті мәселелердің шешілуіне тікелей атсалысты. Мәсе­лен, сол уақытта Погодин атындағы облыстық орыс драма театры, ста­диондар мен спорт кешендері, мек­тептер, ауруханалар, балабақшалар, басқа да маңызды әлеуметтік-мәде­ни нысандар тұрғызылды.

Ринат ШАМШУТДИНОВ,

С.М.Киров атындағы зауыттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp