«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚТАЙ САҒДИЕВТІҢ ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есiл аудандық тарихи-өлкетану мұражайындағы құнды жәдігерлердің бірі – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көзі тірісінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы, Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрі, Парламент Мәжілісінің депутаты болған Мақтай Сағдиевтің жұмыс үстелі. Аталмыш экспонатты руханият ордасына Н.Пого­дин атындағы облыстық орыс драма театрының ди­ректоры Спартак Рамазанов табыстаған.

Осы аудандағы Өндіріс ауылында дүниеге кел­ген Мақтай Сағдиев еңбек жолын 14 жасында туған ұжымшарының трактор-егіс бригадасында баста­ған. 1950 жылы Семей мұғалімдер институтын бітіріп, Қараағаш мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып жіберіледі және көп ұзамай директор болып тағайындалады.

Мақтай Рамазанұлы жастарды тәрбиелеу және оқыту, халықтың денсаулығын қорғау, олардың мә­дени-тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандыру мә­селелерімен ыждағатпен айналысты. Ардақты тұл­ғаның ерен еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Ол «Ленин», үш рет «Еңбек Қызыл Ту», , «Октябрь революциясы», «Парасат» ордендерімен және де көптеген медальдармен марапатталған.

«Астанаға барған сапарымның бірінде сәлем беру үшін ағамыздың шаңырағына арнайы бас сұқ­тым. Мақтай Сағдиев маған өзі тұтынған елуден астам затын берді. Соның бірі – жазу үстелі», – дейді Спартак Рамазанов.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp