19 желтоқсан күні облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы істі мүдделі тұлғаның пайдасына шешу мақсатымен одан 15 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Пара бопсалаушыны қолға түсіру операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік құрылымы бірлесе отырып жүзеге асырған. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Күдікті 2022 жылғы 31 қаңтардан бері облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметін атқарып келген.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltustik Qazaqstan».