Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда оқыс оқиға орын алды. Көпір қақ бөлініп, жүк көлігі Есіл өзеніне түсіп кеткен.
Абырой болғанда, жүргізуші дін аман. Бидай тиеген жүк көлігі өткелден өтпек болған. Сол мезетте осы ауданға қарасты Бірлік пен Нежинка ауылдарын жалғап тұрған көпір қақ айырылған. Жүк көлігі судан шығарылды. Әзірге екі ауылдың тұрғындары айналма жолмен қатынауға мәжбүр.
Екі ауылды жалғастыратын жаңа көпірдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр. Ал аудандық полиция қызметкерлері «Shacman» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көлік аударылып, Есіл өзеніне құлаған» деп отыр. Оқиғаның өзге де мән-жайын анықтау үшін полиция істі тергеуді бастады.
Әсет ҚАНАФИН.