«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҚ БӨЛІНГЕН КӨПІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данда оқыс оқиға орын алды. Көпір қақ бөлініп, жүк көлігі Есіл өзеніне түсіп кеткен.

Абырой болғанда, жүргізуші дін аман. Бидай тиеген жүк көлігі өт­келден өтпек болған. Сол мезетте осы ауданға қарасты Бірлік пен Нежинка ауылдарын жалғап тұр­ған көпір қақ айырылған. Жүк көлігі судан шығарылды. Әзірге екі ауылдың тұрғындары айналма жолмен қатынауға мәжбүр.

Екі ауылды жалғастыратын жаңа көпірдің құрылысына жоба­лық-сметалық құжаттама әзірлен­ген, қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамадан өткізіліп жатыр. Ал аудандық полиция қызметкерлері «Shacman» автокөлігінің 56 жаста­ғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай көлік аударылып, Есіл өзеніне құ­лаған» деп отыр. Оқиғаның өзге де мән-жайын анықтау үшін полиция істі тергеуді бастады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp