«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІСКЕЙГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚАШАН КЕЛЕДІ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік өңірге газ тарту – өте өзекті мәселелердің бірі. Қазір шешу жолдары қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде өңірге жұмыс сапарымен келген Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен тұрғындармен кездесуде айтты.

Әлібек Жұмабекұлының мә- лімдеуінше, республикалық ве­домство теріскей жақты «сұйық отынмен» қамтамасыз етудің оңтайлы жолдарын қарастырып жатқан көрінеді. Оның бір нұс­қасы – Ресейден газ құбырын тарту тиімді болғанымен, баға жайы әлі келісілмеген.

«Солтүстік аймаққа табиғи газ тарту тақырыбы бірнеше жылдан бері жүйелі түрде тал­қыланып келеді. Билік өкілдері теріскейді газдандырудың екі нұсқасын ұсынған болатын. Біріншісі – «Сарыарқа» газ құ­быры арқылы Орталық және Солтүстік өңірлерді газдандыру. 2019 жылы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырынан «сұ­йық отын» алатын «Сарыарқа» газ құбырының алғашқы кезеңі іске асырылды. 2022 жылы «Ас­танаГаз ҚМГ» АҚ құны 188,5 млрд. теңге болатын Ақмола және Солтүстік Қазақстан об­лыстарын газдандыруды көз­дейтін «Сарыарқа» газ құбыры­ның екінші, үшінші кезеңінің құрылысы бойынша техника­лық экономикалық негіздеме әзірледі. Қазір газ Астана қала­сына дейін жеткен. Ал Сол­түстікке дейін тарту үшін кем дегенде бес-алты жыл керек.

– Екінші нұсқа – Ресей Фе­дерациясынан газ алу. Бір жыл­дан бері «Газпромм» мекемесі­мен баға бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер бір мәмілеге келсек, Ресейден газ­ды бірінші болып Солтүстік Қа­зақстан облысы қабылдайды. Көрші елдің Ишим қаласынан Петропавлға газ жеткізуге бір- екі жыл уақыт кетеді. Тездетіп газ әкелуге болар еді, бірақ ол қымбатқа түседі. Құбырлардың өткізу қабілетін қарастырсақ, Ресейден газ тарту тиімдірек, – деді вице-министр.

Газ өнеркәсібі департаменті- нің басшысы Бақытжан Таубаев бағаға келіссе, мәселе жан-жақ­ты қарастырылатынын, екі жол­дың бірі таңдап алынатынын жеткізді.

Энергетика министрінің орынбасары қойылған сұрақ­тарға жауап беріп, бір топ аза­матты қабылдады.

Сапар барысында №2 Пет­ропавл жылу электр орталығын­да болып, жылу беру жайымен танысты. Өңірде электр және жылу энергиясының жалғыз көзі осы кәсіпорын болып та­былады. Оның электр қуаты – 391,8 мВт-ты, жылу қуаты 713 Гкал/сағатты құрайды. Физика­лық тозуы 55,7 пайызға жеткен. Қазіргі уақытта мұнда 2,236 млрд. кВт.электр энергиясы өндіріліп, 1,675 млрд. кВт. электр энергиясы тұтынылған.

Энергетика министрінің орынбасары ұжыммен кездесу­де сөйлеген сөзінде сұйытылған мұнай газымен және жанар-жа­ғармаймен қамтамасыз етуде тапшылықтың байқалмайты­нын, АИ-92 маркалы бензиннің 6,69 мың, (27 күнге жетеді), АИ- 95-тің 0,90 мың, (17 күнге же­теді), дизель отынының 6,17 мың тонна (9 күнге жетеді) қоры жасақталғанын, бұл мәселе ми­нистрліктің тұрақты бақы­лауында екенін жеткізді.

Станцияда биіктігі 180 метр­ге жететін жаңа мұржа салы­нып, келесі жылы пайдалануға беріледі. Қазандықтар жаңар­тылуда. Жұмысшылардың жа­лақысы 30 пайызға көбейген. Кадр тапшылығын азайтудың басқа да мүмкіндіктері қарасты­рылған.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp