Денсаулық сақтау министрлігі республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев 2023-2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көбейетінін айтты.
“Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысын жыл сайын көтеру жоспарланған. 2017 жылы дәрігерлердің айлығы 98 мың теңге болған болса, бүгінде олардың орташа жалақысы 253 мыңға дейін жетеді. Ал 2025 жылы дәрігерлердің орташа айлығы 550 мыңға дейін жетеді деп жоспарланып отыр”, – деді Қ. Төсекбаев.
Бұдан соң, ол орташа медициналық қызметкерлердің де еңбекақысы өсіп келе жатқанын сөз етті.
“2018-2020 жылдары орташа медициналық қызметкерлердің де еңбекақысы өсіп келеді. Мысалы, 2018 жылы олардың орташа айлығы 90 843 теңге болса, қазір – 161 281 теңге. Яғни, еңбекақы 56%-ға артқан”, – деді ол.
https://egemen.kz