«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.01.2025

БІРТУАР БІРЖАН

Жуырда «Фолиант» баспасы­нан Қазақстанның Еңбек Ері, да­рынды композитор, талантты жа­зушы Ілия Жақановтың «Біржан сал» атты жинағы жарық көрді. Туындыға танымал музыка зерт­теушісінің Біржан салдың өнегелі өмірі мен халықтың байтақ мұра­сындағы інжу-маржан саналатын шығармаларын жан-жақты зерт­теп, зерделеп, олардың шығу хи­каясын, тарихын, шынайы ақиқа­тын нәтижелі ізденістермен дә­лелдеп жазған еңбектері енгізіл­ген. Автор ән алыбының ғұмырда­риясына да терең бойлаған. …

БІРТУАР БІРЖАН Read More »

ҚОНАҒЫН АТЫП ТАСТАДЫ

Үй иесі жаңажылдық кешке келген қонағын атып өлтірген. Бұл қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Пресновка ауы­лында болған. Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 41 жас­тағы жергілікті тұрғынды ұста­ды. «Кісі өлтіру оқиғасы бірге ішімдік ішу кезінде туындаған жанжалдың салдарынан болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады облыстық по­лиция департаментінің баспасөз қыз­меті. Қылмыс орнынан тіркелмеген шолақ …

ҚОНАҒЫН АТЫП ТАСТАДЫ Read More »

ЕСКЕРТКІШКЕ ШЫҒЫП ЕСІРГЕН

Петропавлда «Абай мен Пушкин» ескерткішінің үстіне шығып, суретке түскен шетелдіктер бес тәулікке қамалды. Оқиға 1 қаңтар күні болған. Облыстық по­лиция департаменті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, Тәуелсіздік стелласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұр­ғындары жігіттердің өрескел әрекетін байқап қалған. Жастар «Абай мен Пушкин» ес­керткішіне шығып, суретке түскен. Бейәдеп сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Тұрғындар сол маңда кезекшілікте …

ЕСКЕРТКІШКЕ ШЫҒЫП ЕСІРГЕН Read More »

БҰҚА СҮЗІП ӨЛТІРДІ

Жаңа жылдың екінші күнінде Та­йынша ауданындағы шаруашылықтар­дың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Жергілікті шаруашылықтардың бірінде мал қарауға шыққан жұмыс­шыны бұқа сүзген. Оқиға аудандағы ірі қара өсіретін серіктестікте болған. Облыстық полиция департа­ментінің ақпаратына сай жарақат ал­ған 40 жастағы ер адам Тайынша ауда­наралық көпбейінді ауруханасына жеткізіліпті. Алайда алған соққыны көтере алмай, көп ұзамай көз жұмған. Аталған оқиға …

БҰҚА СҮЗІП ӨЛТІРДІ Read More »

МЕТАПНЕВМОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР

Елімізде метапневмовирус жұқтыр­ғандар саны күн санап көбеюде. Біздің өңіріміздегі ахуал да алаңда­тарлық. Облыстық санитарлық-эпидемиоло­гиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде эпидемия­лық маусым басталғалы тұмауға жатпайтын вирустарды жұқтырудың 100-ге жуық жағ­дайы тіркелген. Атап айтқанда, 34 адам ри­новирусқа, 28 тұрғын аденовирусқа, 23 науқас парагрипке, 5 адам бокавирусқа шалдыққан. Төрт адам метапневмовирус жұқтырған. Мамандардың айтуынша, метапневмо­вирус – көптеген …

МЕТАПНЕВМОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР Read More »

ЕҢБЕГІ АУЫР, ЕҢБЕКАҚЫСЫ АЗ

Өзіне тән байыппен кірген жылан жылы біздің ел үшін «Жұмысшы мамандықтары жылы» ретінде ерекшеленбек. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан, ұлу жылының аяғында тиісті заңға қол қойды. Енді кәсіптік-техникалық білім беруді елеулі түрде қайта жаңғырту жұмыстары қарқын алмақ. Қазір ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Алайда елде «қалам …

ЕҢБЕГІ АУЫР, ЕҢБЕКАҚЫСЫ АЗ Read More »

ҚАНДАЙ СҮТ ІШІП ЖҮРСІЗ?

Қазақстанға сүт пен сүт өнімдері әртүрлі елдерден әкелінеді, өзімізде де өндіріледі. Дүкендерде түр-түрі бар. Байқағанымыз – отандық өнімге сұ­раныс жоғары. Бүгінгі таңда облыста 110 тауарлы- сүт фермасы жұмыс істейді. Ондағы малдың саны – 50 мыңнан астам. Оның ішінде соңғы 6 жылда облыста 42 ферма іске қосылды. Олардағы сиырдың саны 20 мыңнан және жыл­дық өндіріс қуаты …

ҚАНДАЙ СҮТ ІШІП ЖҮРСІЗ? Read More »

«ЖЫРЫ ЖЕТСЕ БОЛҒАНЫ АРМАНЫНА…»

Қасиетті Қызылжар топырағы – небір асыл тұлғалар­ды, жақсы мен жайсаңдарды құндақтаған алтын бесік. Қазақ руханиятының, әдебиеті мен мәдениетінің қалыптасуына бастарын бәйгеге тіге жүріп зор еңбек сіңірген ардақты тұлғалардың біразы өмір керуенінен көштерін үзіп алса да, олардың арттарында мұрасын на­сихаттайтын жарлары, ұрпақтары қалды. Оқырманға өңірден шыққан белгілі тұлғалардың, қабырғалы қа­ламгерлердің өнегелі өмір жолдарын, айшықты іздерін таныстыру …

«ЖЫРЫ ЖЕТСЕ БОЛҒАНЫ АРМАНЫНА…» Read More »

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫСТА ДА ТОҚТАМАЙДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі Универсал көшесі бойында салынып жатқан автомобиль өткелінің құрылысымен танысты. 5 млрд. теңге бағытталған инфрақұрылымдық нысан темір жол арқылы өтетін көлік ағыны мен көпір жүктемесін азайтуға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, бас шаhардың солтүстік-шығыс бөлігінде көлік қолжетімділігін жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасайтын өте тиімді жобалардың бірі саналады. Ғауез Торсанұлы «Бука» ЖШС …

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫСТА ДА ТОҚТАМАЙДЫ Read More »

ҚАЛА ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

Сөздің шыны сол, кеңес заманында бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы жаман болған жоқ. Қиындықтардың бәрі нарықтан басталды. Осылай «Soltüstık Qazaqstan» газеті де шөміштен қағылды. Мен редакция тізгінін қо­лыма алған 2003 жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 4 миллион теңгенің ар жақ, бер жағында еді. Бұл дегеніңіз, газет те, онда қызмет істейтін журналистер де өл­местің күнін кешті де­ген сөз. …

ҚАЛА ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ Read More »

ЕЛ ҮМІТІН АҚТАҒАН

Облыстық әкімдікте өткен салтанат­ты шарада өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Азия чемпионы Наталья Бог­данованы жеңісімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. –Былтыр Қытайда өткен Азия ойын­дарында бокстан қола медаль алған спортшы Наталья Богдановаға осы залда құрмет көрсеткен едік. Жуырда Наталья Азия чемпионы атанды. Бұл – өңіріміз ғана емес, еліміз үшін де үлкен жетістік. Баршамызға жеңіс құтты болсын! – деді …

ЕЛ ҮМІТІН АҚТАҒАН Read More »