«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРТУАР БІРЖАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда «Фолиант» баспасы­нан Қазақстанның Еңбек Ері, да­рынды композитор, талантты жа­зушы Ілия Жақановтың «Біржан сал» атты жинағы жарық көрді. Туындыға танымал музыка зерт­теушісінің Біржан салдың өнегелі өмірі мен халықтың байтақ мұра­сындағы інжу-маржан саналатын шығармаларын жан-жақты зерт­теп, зерделеп, олардың шығу хи­каясын, тарихын, шынайы ақиқа­тын нәтижелі ізденістермен дә­лелдеп жазған еңбектері енгізіл­ген.

Автор ән алыбының ғұмырда­риясына да терең бойлаған. Бір­жан сал 1834 жылы Жөкей көлінің жағасында дүниеге келген. Арғы атасы Бертістен Айшуақ, Бай­шуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қо­жағұл деген бес ұлы болыпты. Қо­жағұлдан Тұрлыбай, Тұрлыбайдан Біржан өреді. Бала кезінде үлкен анасы бауырына салып, баққан. Біздің баламыз деп еркелеткен. Міне, сондықтан Біржан Қо­жағұлдың баласы атанып кеткен.

Ілия Жақанов кітапта Қо­жағұл шешенге сол заманның ақын-жыраулары, әнші-күйші­лерінің үйір болғанын айтады. Өнер ордасының қара сабасы күні-түні күмпілдеп жатқан соң бала Біржан сол қазынаны бойы­на сіңіре береді. Ауыл молдасынан сауат ашқан кейін Қызылжардағы медресені тамамдап, араб, парсы, көне түрік тілдерін үйренген.

Кітапта Біржан салдың «Кө­кек», «Жоныпалды», «Қозыкөш («Бір ғана», «Бір бала»), «Бірлән», «Ләйлім», «Ахау, әриайдай», «Он саусақ», «Теміртас», «Телқоңыр», «Айбозым» сынды әндерінің та­рихы және ноталары берілген.

Самрат ҚҰСКЕНОВ, «Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp