Жаңа жылдың екінші күнінде Тайынша ауданындағы шаруашылықтардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Жергілікті шаруашылықтардың бірінде мал қарауға шыққан жұмысшыны бұқа сүзген. Оқиға аудандағы ірі қара өсіретін серіктестікте болған.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сай жарақат алған 40 жастағы ер адам Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханасына жеткізіліпті. Алайда алған соққыны көтере алмай, көп ұзамай көз жұмған. Аталған оқиға бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық істі тіркеді. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Диас АЯҒАН,
«Soltüstık Qazaqstan».