«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСКЕРТКІШКЕ ШЫҒЫП ЕСІРГЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда «Абай мен Пушкин» ескерткішінің үстіне шығып, суретке түскен шетелдіктер бес тәулікке қамалды.

Оқиға 1 қаңтар күні болған. Облыстық по­лиция департаменті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, Тәуелсіздік стелласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұр­ғындары жігіттердің өрескел әрекетін байқап қалған. Жастар «Абай мен Пушкин» ес­керткішіне шығып, суретке түскен. Бейәдеп сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Тұрғындар сол маңда кезекшілікте жүрген полицияның жаяу жасағына жүгініп, жедел басқару орталығындағы бейнебақылау инс­пекторларының көмегімен құқық бұзғандарды ұстады.

Шетелдіктерге қоғамдық орында мас жүр­гені үшін хаттама толтырылды, көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл заң бұзушы­лықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды.

Ал Петропавлдың әкімшілік істер жөнін­дегі мамандандырылған соты ескерткіш үстін­де селфиге түскен шетелдіктерді бес тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp